Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Өзбек жігіт Токиодағы олимпиялық нысанда қыз зорлап, қолға түсті

ТОКИО. 19 шілде. Өзбекстан азаматы Токиодағы Ұлттық стадион территориясында әйел зорлады деген күдікпен қолға түсті. Бұл туралы РБК хабарлады.

Оқиға Ойындардың ашылу және жабылу салтанаты өтетін бас аренада орын алған.

30-дағы студент Давронбек Рахматуллаев Олимпиаданы ұйымдастыру жұмыстары кезінде 20 жасар қызбен танысады. Ол мұнда жұма күні репетицияға қатысып, соңынан нысан аумағында сол қызды зорлайды.

Хабарламада тұтқынға алынған өзбек жігітінің өзіне тағылған айыпты мойындамай отырғаны айтылған. Стадионға қосымша табыс табу үшін келіп жүрген студент әзірге аты аталмай отырған әйелдің өзіне ықылас білдіруге қарсылық көрсетпегенін алға тартады. Мына тірліктің де екі жақты келісіммен орын алғанын айтып, ант-су ішеді. Алайда, осы оқиғадан кейін әйел полицияның есігін қағып тұрыпты. ..

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button