Үндістанда үш басты сәби дүниеге келді
НЬЮ-ДЕЛИ. 18 шілде. Үндістанның Уттар-Прадеш штатында үш басты нәресте өмірге келді. Бұл туралы «DailyStar» хабарлады.
«Үндістанның Уттар-Прадеш штатында сирек кездесетін ақауы – үш басы бар бала дүние есігінен аттады. Осындай нәрсеге қатты мән беретін әуейі адамдар ерекше туған нәрестені «Құдайдың бейнесі» деп санап отыр», – делінген хабарламада.
Нәрестенің қосымша екі басы «қалыпты» басының артқы жағына орналасқан және шашпен жабылған.
Жаңа туған шарананың отбасы қазір баланы «Құдайдың жердегі бейнесі» деп санайтын пиғылды адамдардың үйлеріне жиі келіп тұратындарынан қатты жалыға бастаған сияқты.
Бүгінде анасы мен баласы өздерін жақсы сезінеді, олардың перзентханадан шығарылып, үйге жеткізілгендеріне біраз болды.
Бұған дейін Үндістанның Одиша штатындағы «Кани» ауылының тұрғыны екі басы мен үш қолы бар баланы дүниеге әкелген болатын.