Британия Ресеймен күресу үшін арнайы жасақ дайындайды
ЛОНДОН. 18 шілде. Ұлыбритания өкіметі келешекте Ресеймен арада жүретін текетірес кезінде пайдалану үшін арнайы жасақ дайындауға шешім қабылдады. Бұл туралы The Times жазады.
«Британиялық арнайы жасақтар мемлекет деңгейіндегі қарсыластармен күресті жандандыру аясында Қытай мен Ресейге қарсы жаңа құпия миссияны атқаруға кірісті», – делінген хабарламада.
Бригада генералы Марк Тоттеннің айтуынша, Ұлыбританияның арнайы әуе қызметі мен арнайы қайық қызметі мемлекеттерге қарсы тұру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау мен арнайы білімді қажет ететін барынша қауіпті тапсырмаларды жүзеге асырады.
Тоттеннің өзі күллі әлемдегі терроризммен күрес күресетін және жалдамалылардың жолдарын кесетін Британия теңіз жаяу әскерлерінің «болашақ арнайы жасағын» басқарады. Бұл топқа 4 мың адам кіреді.
«Біз жасай алатын нәрсе – арнайы жасақтардың Ресей мен Қытайға қарсы тұруда олардың мейлінше күрделі, барынша кешенді тапсырмаларға бағыт ұстауларына мүмкіндік беру. Бұл нақты мамандардың білімі мен тәжірибесін қажет етеді, сондықтан біз оларға көп уақыт пен тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береміз, мысалы, теңіздегі терроризмге қарсы іс-қимыл немесе бірлескен операциялар сияқты қиындықтарды тудыратын және жоғары тәуекелдермен бірге жүретін кейбір тапсырмаларды орындай аламыз», – деп атап өтті генерал.