Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Бір келіншек екі баласымен бірге пойыздың астына түсіп өлді
ҚАРШИ. 17 шілде. Өзбекстанның Қашқадария облысының Шырақшы ауданында бір келіншек кәмелетке толмаған екі баласымен бірге пойыздың астына түсіп өлді. Бұл туралы «Daryo» басылымы хабарлады.
Оқиға 11 шілде күні таңғы сағат 5:00-дің кезінде орын алған.
«Бұл отбасы Шырақшы ауданында тұратын еді. Келіншектің күйеуі ақша табу үшін Ресейде жұмыс істеп жүрген. Ауылда қалған келін қайын атасымен тілге келіп қалыпты. Осының салдарынан ол азанда ертемен қасына мектеп жасына толмаға екі баласын ертіп алып, пойыздың астына түсіп опат болған. Күйеуі енді елге келе жатыр», – деп жазады басылым.
Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт бойынша Қарши қаласының көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғаған.