Маңғыстау далаларында жылқылар аштан өліп жатыр
АҚТАУ. 3 маусым. Маңғыстау облысының аудандарындағы бірнеше елді мекенде қатты ыстық пен құрғақшылықтан жылқылар қырылып қалғалы тұр. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.
Дабылды ақпарды алдымен Бердімұрат Төрекенов деген блогер Facebook-тегі парақшасына жариялады. Ол өзінің постында Қазақстанның бірнеше елді мекенінде қатты ыстық пен құрғақшылықтан жылқылардың өлгелі жатқанын баяндады. Жазбаға бірнеше суретті видеоны қоса салды. Бұған Маңғыстау облыстық әкімінің баспасөз хатшысы іле жауап қайтарды.
«Биылғы айта қалатындай жауын-шашын болған жоқ. Шабындықтардың көпшілігі шөптің болмауынан құрғап кетті. Жергілікті фермерлер мал жайылымдарын іздеп кезіп кетті. Жақында бірнеше жылқышы Ақшыңырау ауылынан жайылымға қарай мал айдап шықты, жолай – үш, қайтар жолда бес жылқы өлді. Құрғақшылықтың салдарынан ауыл шаруашылығы құлдырауы мүмкін», – деп жазды Бердімұрат.
Facebook пайдаланушылар блогер салған суреттерді көріп, айран-асыр болды. Олардың бәрін жағдайдың осыншалықты нашар екені таң қалдырды.
Кеше, 2 маусым күні облыс әкімдігі аймақ басшысының осыған байланысты арнайы комиссия құрғанын мәлім етті.