Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Берлинде Палестинаны қолдаған шерулер болып өтті
БЕРЛИН. 17 мамыр. Германия байтағы – Берлин қаласында Палестина тұрғындарына қолдау көрсеткен шерулер болып өтті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Манифестанттар қазіргі күні жүріп жатқан Израиль-Палестина қақтығысына байланысты палестиналықтарды қолдап, төрт рет наразылық акциясын өткізген еді.
Бұл жолы қарсылық қозғалысы тәртіп бұзушылықтарға ұласып кетті. Оның барысында шерушілер полицейлерге тас, бөтелке лақтырып, пиротехникадан атқылады. Соның салдарынан 90 тәртіп сақшысы жарақат алып қалды. Полиция оларға арнайы техника қолданды.
«Тәртіпті қалпына келтіруге жалпы мөлшері 900 полицей қатысты. Зоннен-аллеяда өткен акция кезінде олардың 93-і зардап шекті», – деді тәртіп сақшылары.
Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 59 адам ұсталды.