26 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Биыл Қазақстан аймақтарының көп жерлерін тасқын су басып қалды. Неге?

29 Наурыз 2024 08:55
- Аймақ, Жаңалықтар
Биыл Қазақстан аймақтарының көп жерлерін тасқын су басып қалды. Неге?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 29 наурыз. Жақын күндерде Қазақстанның бірқатар өңірлерін еріген қар суы мен тасыған өзен топаны басып қалды. Бұл туралы kursiv.media дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазіргі таңда тұрғылықты халық апатты аймақтардан басқа қауіпсіз жерлерге уақытша көшіріліп жатыр.

Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі су басуға қатысты кейінгі ақпараттарды жариялады.

Абай облысының Жарма ауданында қардың қарқынды еріп, «Үшбиік» ауылының екі шеткі көшесін су басты. Барлығы 12 аула аумағы су астында қалды. Оның ішінде екі пәтерлі үйдің 9 пәтеріне су кірді (4 пәтер тұрғын емес). Қазір су деңгейінің 40 см-ге төмендегені байқалады. Сондай-ақ 4 пәтерден еріген су шығарылды.

Көкшетауда өзен тасып, 8 жеке үй, 28 жеке аула аумағы және 7 көп қабатты тұрғын үй ауласын су басты. Осы кезде жағалауды нығайту жұмыстары жүріп жатыр. 150 метр жер нығайтылды, 280 тонна инертті материал құйылды. 110 м каналдар мен арықтар кеңейтілді және тереңдетілді. 310 қап төселді. Еріген судың 1000 м.3-тен астамы айдалды.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында су тасқынынан 400-ге жуық адам құтқарылды. 27 наурыз күні аталмыш ауданның «Қоржын» ауылы су астында қалды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірге тікұшақпен елді мекенге барды. Ол ауыл халқына мемлекет көмек беретінін айтты.

«Баршаларыңызды сабырға шақырамын. Табиғи апат салдарынан облыстың бірнеше ауданы зардап шегіп отыр. Сіздерге келген шығын бойынша арнайы комиссия құрылады. Келтірілген залалдың бәрі есептеледі. Мемлекет көмек береді. Қазір сіздерді төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге су тасқынынан құтқаруға келдік. Тікұшақпен баршаңызды аудан орталығы Қаратөбеге, қауіпсіз жерге жеткіземіз», – деді облыс әкімі.

Қостанай облысының Жангелдин және Амангелді аудандарында ТЖД күштері 45 адамды құтқарды. Оның 23-і – бала. Облысқа кіретін Арқалық қаласында су тасқынына қарсы жұмыс жүруде. «Северный» елді мекенінің шамамен 75%-ынан су айдалды.

Ақтөбе облысында 21 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін жалпы 498 122 м3 су сорылды. 40 735 дана қап төселді, 4 817 тонна инертті материалдар жеткізілді. Су басу аймағынан 831 адам эвакуацияланды, оның 376-сы – бала. Олар уақытша пункттерде және туыстарының үйінде жатыр. Сондай-ақ 129 бас ірі қара эвакуацияланды. Мұндай жұмыстарға жеке құрамның 1800-ге жуық адамы және 500-ден астам техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, еліміздің өңірлерін су басып жатыр. ҚазАвтоЖол республикалық жолдардағы қозғалысты шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты. Ақпарат бойынша, «Қарағанды – Аягөз – Боғаз», «Самара – Шымкент», «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» республикалық автожолдардың белгілі бір шақырымдарында қозғалыс шектелді.

Оралда көшелерді су басып, қала әкімі Миржан Сатқанов жергілікті төтенше жағдай жариялады. «Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанованың 2024 жылғы 26 наурыздағы қаулысы бойынша, қалада жергілікті табиғи төтенше жағдай жарияланды», – делінген хабарламада.

Тағы бір жайт, Оралда ондаған үй мен әлеуметтік нысандарды еріген жаңбыр суы басты. Автожолдарда 26 су тасқыны тіркелді. Абай облысының Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы Төтенше жағдай жариялады. Оған себеп, су тасқыны кезінде көпір шайылып құлаған. Сонымен бірге үш адам суға кетіп, табылмай жатыр.

«Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз – Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті. Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Сонымен қатар, басқа айналма көлік жолдары арқылы елді мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», – делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен бірге қазіргі таңда әкімдік пен жергілікті құтқарушылар суға кеткен үш адамды іздестіріп жатыр.

Кеше әлеуметтік желіде Ақтөбе әуежайының ұшу-қону алаңын қалың су басып қалғаны, онда су тартқыш машиналардың жұмыс істеп жатқаны түсірілген видео тарады.

Суретте: Амангелді ауданынан көрініс

Таңбалар: Қазақстан өңірлерісу тасқыныТөтенше жағдайлар

Ұқсас мақалалар

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті
Жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті

05.08.2026
Қызылорда өңірінде «Көктем-2026» жаттығуы өткізілуде
Аймақ

Қызылорда өңірінде «Көктем-2026» жаттығуы өткізілуде

26.02.2026
Қызылорда облысында сең қозғалды, су тасқыны қаупі күшейді
Аймақ

Қызылорда облысында сең қозғалды, су тасқыны қаупі күшейді

21.02.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist