17 Қазан, 17:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Медведев: Орыстар қолға алмай, Қазақстанда тәртіп болмайды

2 Тамыз 2022 15:45
- Жаңалықтар, Қоғам
Медведев: Орыстар қолға алмай, Қазақстанда тәртіп болмайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 2 тамыз. Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев Қазақстанға орыстар келмей, бұл елде ешқандай тәртіп болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Қазір РФ қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары саналатын Дмитрий Медведев Қазақстан билігін орыстарға геноцид жасап жатыр деп айыптап, КСРО-ны қайта құратын уақыттың жеткенін айтты.

«Мұның тоқсаныншы жылдардың басында орын алған өрескел қателік екеніне, оның түзетілетініне, ешқашан ешқандай егемен елдер парады болмайтынына, бір кездергі үлкен де қуатты Кеңес Одағында өмір сүрген халықтардың бәрі қайтадан бірге болып, достық пен өзара түсіністікте бірге өмір сүретініне ешкімнің күмәні болмауға тиіс», – деп жазды Медведев «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында.

Давид Ааронович Мендельдің, яғни Дмитрий Анатольевич Медведевтің айтуынша, Ресей билігі енді Кеңес Одағын қайта қалпына келтіру үшін «күшін де, қаржысын да» аямайды.

«Біз осы жолмен жүруді бастап та кеттік. Киевті және Малороссияның барлық территориясын украин деген ұлтты уағыздаушы националист қарақшылардан азат еткеннен кейін Русь бұдан мың жыл бұрынғы Ежелгі Русь мемлекеті кезіндегідей қайтадан біртұтас, күшті және жеңімпаз болып шығады. Содан кейін славян халықтарын бастаған Мәскеудің жұмыр қолының аясында Отанымыздың шекарасын қалпына келтіру жолындағы бұдан кейінгі жорықтарымызды бастаймыз. Біздің қолымыздан шығып кеткен жерлердің бәрін кезінде бабаларымыз шайқастарда қан төге жүріп жаулап алған. Біз оларды біреулерге беріп қойып, қарап отыра алмаймыз» дегенді қосты бұған сосын РФ-ның экс-президенті және экс-премьері.

Давид Аароновичтің болжамынша, мысалы, Ресейге қосылғанға дейін тіпті «ешқандай Грузия деген ел болмаған».

«1801 жылы қазіргі Грузия территориясы бес саяси егеменді құрылымнан құрылды: ол кезде Картли мен Кахетияның астанасы Тифлис болса, Имеретияның ордасы Кутаисиде тұрды, Мегрелияның екі кінәздігі мен Кахетия өз сарайларын Қара теңіздің жағалауында ұстады, ал Сванетия кінәздігі тау басына орналасты. Былайынша, Грузия өзінің қазіргі тұрқына тек Ресей империясы құрамына кіргеннен кейін ғана келді. Грузия Ресейге өзі жақындады, себебі, айналасын қоршаған барынша жау мұсылман мемлекеттерінен өзін қорғай алатын тек Ресей екенін түсінді», – деп тарқатылды РФ қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары.

Оның пайымынша, қазір де «сол тарих қайталанып келе жатыр, Солтүстік және Оңтүстік Осетиялар, Абхазия мен Грузияның қалған территориясы тек біртұтас Ресей мемлекетінің құрамында ғана қайта біріге алады».

«Тарихтан тағы бір түйткіл: Солтүстік Қазақстанның жабайы жеріне алғашқы қоныстарды XVII ғасырдың басында орыстар келіп салды. Орыстардың бұл территорияны отарлау үдерісі үш ғасыр бойы жалғасты, бұған Сібір темір жолының ашылуы мен Столыпиннің аграрлық реформасы айрықша дүмпу берді. Кеңес Одағы ыдырағанға дейін Солтүстік Қазақстан халқының 62 пайызын славяндар құрады. Қазақстан – жасанды мемлекет, бұл – бұрынғы орыс территориялары, мысалы, Гурьев, Семипалатинск, тіпті Алматы 1924 жылға дейін Верный болып аталды. Бұл ғасырда Қазақстан билігі республиканың ішінде этникалық топтарды көшіру жөніндегі бастамаларды жүзеге асыруды қолға алды, мұны орыстарды геноцидке ұшырату деп бағалауға болады. Біз бұған көз жұмып қарап отыруға ықтиярлы емеспіз. Онда орыстар бармай, тәртіп те болмайды», – деп сөзін түйіндеді Медведев-Мендель.

Бір ескерте кететін жайт, Дима Медведев бұл жазбасын әлеуметтік желіге салғаннан кейін көп ұзамай алып тастаған. Дегенмен, біраз адам соған дейін оны скриншотқа салып, сақтап үлгерген.

Ал кейінірек өзін Медведевтің көмекшісі деп таныстырған біреу мұны оның өзі жазбағанын, соның алдында біреу парақшаны бұзып кіргенін айтып ақталды.

Таңбалар: Дмитрий МедведевҚазақстанорыстар

Ұқсас мақалалар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды
Дәулет

Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

14.10.2026
Бельгия Королі Филипп Тоқаевпен кездесуде өзінің сөзін қазақша бастады
Жаңалықтар

Бельгия Королі Филипп Тоқаевпен кездесуде өзінің сөзін қазақша бастады

12.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist