26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украинадағы атысты тоқтату келіссөзі Жиддада жалғасады

19 Наурыз 2025 14:07
- Жаңалықтар, Тіршілік
Украинадағы атысты тоқтату келіссөзі Жиддада жалғасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 19 наурыз. Ресей мен Украина арасында жүріп жатқан соғыстағы атысты тоқтату жөніндегі келіссөз 23 наурызда Жидда қаласында жалғасады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұның жайын 18 наурыз, сейсенбі күні АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Fox News телеарнасында қысқаша әңгімелеп берді.

Сол күні ертерек АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Осылайша Трамп қазіргі президенттік мерзімі басталғаннан бері екінші рет Путинмен тіл қатысты. «Уиткофф осы әңгіменің нәтижелеріне түсініктеме бере отырып, келіссөздер үдерісіндегі «белгілі бір серпілістерді» атап өтті», деп хабарлайды dpa агенттігі. «Мен президент Путинге өз елін түпкілікті бітімгершілік келісімге жақындату үшін осы үндеуде жасаған барлық істері үшін алғыс айтқым келеді», – деп келтіреді агенттік АҚШ президенті арнайы өкілінің сөзін.

Ақ үй басшысының өзі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Truth Social әлеуметтік желісінде былай деп жазды: «Біз атысты толық тоқтатуды тезірек жүзеге асыру, мұның ақырында Ресей мен Украина арасындағы сұмдық соғысты тоқтату жолында жұмыс істейтінімізді түсініп, барлық энергетика және инфрақұрылым нысандарын атқылауды жедел тоқтату жөнінде келісімге келдік».

Өз кезегінде Путин Трамптың Ресей мен Украинаның энергетикалық инфрақұрылым нысандарына 30 күн бойы соққы беруден өзара бас тарту идеясын қолдады және Кремль хабарлағандай, Ресей әскерлеріне осыған орай тиісті бұйрық беріпті-міс.

Сонымен бірге, Кремльдің қожайыны, ТАСС агенттігінің хабарлауынша, екі президенттің сөздерінде қозғалған «бірқатар маңызды тұстарды» атап өтіпті. Бұлар бүкіл шекараның түйісер бойында атыстың тоқтағанына тиімді бақылау жасап тұруды қамтамасыз ету, Украинаның мәжбүрлі мобилизация жасауын және осы күндері Украина армиясын қаруландыруды тоқтату жайттары болса керек. Осылайша, Кремль өзінің Киевпен 30 күндік бітімге келуге толық дайын екенін мәлімдей қойған жоқ.

«Украина энергетикалық инфрақұрылымға шабуылды тоқтату туралы ұсынысты қолдайды», деді Володимир Зеленський Киевте Трамптың Путинмен сөйлесуінен кейін өткізген баспасөз мәслихатында. «Ресей мен Украина АҚШ-тың арағайындығымен энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасамауға келісе алады. Біздің тарапымыз мұны қолдайды. Бірақ Ресей біздің энергетикалық секторымызға шабуыл жасап жатса, біздің үнсіз қалуымыз мүмкін емес. Біз жауап қайтарамыз» деді ол бітімгершілікті «атысты күмәнсіз тоқтатудан» бастаудан керек екенін еске салып.

Германия канцлері Олаф Шольц та Мәскеу мен Уашингтон арасындағы телефон арқылы сөйлесу нәтижелеріне қатысты пікір білдірді. Ол энергетикалық нысандарға шабуылдауды тоқтату туралы үндеудің «жақсы бастама» екенін айтты. Сонымен бірге, Шольц Украинаның қатысуынсыз бейбітшілікке қол жеткізу туралы келісімге келудің мүмкін еместігін тағы қайталап атап өтті.

Таңбалар: атыссоғысСтивен УитткоффУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist