19 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина Трамптан елшісі Уиткоффты қызметінен алуды талап етті

24 Наурыз 2025 21:04
- Жаңалықтар, Құқық
Украина Трамптан елшісі Уиткоффты қызметінен алуды талап етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 24 наурыз. Украина Жоғары радасы АҚШ президенті Дональд Трампқа өз елшісі Стив Уиткоффты жұмыстан босатуды тапсырды. Бұл туралы Sky News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина Жоғарғы радасы халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Олександр Мережко (суретте) Уиткоффтың Ресейге бүйрегі бұрып тұратын мәлімдемелері Украинаны жалықтырып біткенін әрі жұрттың ашу-ызасын тудырғанын баяндады. Оның ашықтан ашық Кремльді жақтап, соның насихатын жүргізетіні жаға ұстатпай қоймайды.

Киевтегілер Дональд Трамптың іс жүзінде Ресейді қолдайтын әңгіме айтатын арнайы елшісі Стив Уиткоффтың бейтараптығына күмән келтіреді, Сондықтан Украина оны дереу жұмыстан қууды талап етіп отыр.

Уиткофф төңірегіндегі жанжал

Трамптың атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу үшін тағайындаған елшісі Стив Уиткофф қазір жол беруге болмайтын мәлімдемелер жасап жүр. Ол Британияның Sky News телеарнасына берген сұхбатында Кремльдің сөздерін жолма-жол қайталап, «қақтығыстың тамыры референдумдар өткізілді делінетін «төрт аймақтың» төңірегіндегі жағдайда жатыр және ондағы тұрғындардың көпшілігі Ресей билігінде болғысы келеді дегенді айтты. Бұған қоса, мұны соғыстағы «түйінді мәселе» деп санайтынын атап өтті. Сөйтіп, Мәскеудің айтып жүрген сөздерін сол қалпы қайталап шықты.

Трамптың өкілі ме, Путиннің өкілі ме?

Олександр Мережко Трамптың арнайы елшісінің бұл сөздеріне бірден қатқыл жауап қайтарып, Уиткоффтың «Путиннің насихатын қайталайтынын», іс жүзінде Кремльдің жаршысы ретінде әрекет ететінін атап өтті.

«Ол президент Трамптың елшісі ме, әлде… Путиннің елшісі ме?» деген сұрақ тастады Мережко.

Депутаттың айтуынша, Дональд Трамп Уиткоффты елші қызметінен дереу алып тастауы тиіс, әйтпесе ол мұндай мәлімдемелерімен өзінің беделін түсіріп қана қоймай, сонымен қатар АҚШ-ты абыройдан айырып, мен оның сыртқы саясатына сұрапыл соққы береді.

«Президент Трамп қалай дегенде де те байсалды қадамдарға барып, бұл мәлімдемелерден үзілді-кесілді бас тартуы тиіс, өйткені олардан келетін қауіп зор», – деп атап өтті украин саясаткері.

Уиткофф Путинді «гуманист» етіп көрсеткісі келеді

Бұдан бөлек, сұхбатта америкалық біржақты бітімгер Стив Уиткофф  ресейлік диктаторды гуманист ретінде көрсетуге тырысып, Путин «Трамптың денсаулығы үшін дұға оқып жүр» деген сияқты мазмұндағы сандырақты алға тартты. Бұл мәлімдеме Киевті бұрынғыдан бетер ашуға булықтырып, жаға ұстатуға алып барды. Шын мәнінде екі ел арасындағы бітімгершілікке Кремль узурпаторының «Трамптың денсаулығы үшін дұға оқығанының қандай қатысы бар?». Депутат өзінің осыны түсіне алмай отырғанын да айтып өтті.

Украина парламенті Ресейдің үгіт-насихаттарын таратып, Украинаның егемендігіне күмән келтіретін адам мұндай жауапты дипломатиялық қызметте қалуға тиіс емес деп санайды. Киев Дональд Трамптан шұғыл шешім күтеді.

Таңбалар: АмерикаОлександр МережкоСтивен Уитткофф

Ұқсас мақалалар

Щи Трампты Тайваньға орай жанжал туып кетуінен сақтандырды
Қоғам

Біріккен Ұлттар Ұйымы банкроттық жағдайға келіп тіреліп тұр

02.06.2026
Ресейден аулақтай бастаған Армения АҚШ-пен тез тіл табысуға кірісті
Әлеумет

Ресейден аулақтай бастаған Армения АҚШ-пен тез тіл табысуға кірісті

26.05.2026
АҚШ банкі Украина соғыстан соң «фин тағдырын» қайталайды деді
Дәулет

АҚШ банкі Украина соғыстан соң «фин тағдырын» қайталайды деді

16.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist