6 Қыркүйек, 14:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украин әскерлері басқыншыларды қолдан келгенінше жоюға кірісті

26 Ақпан 2022 13:18
- Жаңалықтар, Тіршілік
Украин әскерлері басқыншыларды қолдан келгенінше жоюға кірісті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 26 ақпан. Украина армиясы жаудың жасақтарын жоюды жалғастырып келеді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Өткен түнде Ресей басқыншылары Украина астанасын басты нысанаға алып, бар күшін осында төкті. Алайда, олар мақсаттарына жете алмады. Украин солдаттары дұшпанның барлық шабуылдарын сәтті қайтарып, оның адам және техника күштерін ұдайы жоюмен болды.

Украина жаяу әскерлер армиясының штабы хабарлағандай, украин сарбаздары Киевтегі метроның Берестей станциясы маңында ресейлік әскерлердің тұтас колоннасын жойып жіберген.

«Киевтегі «Берестей» метросында 101-ші бригада жаудың 2 жеңіл машинадан, 2 жүк көлігінен, бірнеше бронетехника мен танктерден құралған колоннасын жойып жіберді. Қазір ондағы ахуал тыныш, бәрі жер жастандырылды», – делінген хабарламада.

Бұл ауданда түні бойы ұрыс жүрген.

Ресей әскерлері 26 ақпан күні түнгі сағат 3 шамасында Сумы облысындағы Копти – Бачевск трассасын басып алды. Хабарланғандай, оккупанттар енді ол жерден жергілікті тұрғындардың өтуіне де мүмкіндік бермей жатыр.

Қазір облыста автобус қатынасы да, теміржол қатынасы да тоқтаған.

Ресейліктер Васильково түбіне десант түсірді. Олармен шайқаста Украина қарулы күштерінен де шығындар болды.

Васильково қаласының мэрі Наталья Баласиновичтің айтуынша, қазір қалада ұрыс жүріп жатыр. Елді мекенді басқыншылар ракетамен атқылаған. Осында украин жауынгерлері ресейліктердің десантшыларды алып келе жатқан бір ұшағын атып түсірді.

Қала басшысы Васильковоның орталық көшелерінде екі жақ әскерлері атысып жатқанын айтты. Мұнда өте көп мөлшерде десантшылар түсіріліпті. Олар украинның 40-шы бригадасы сарбаздарымен соғысуда. «Өкінішке орай, бізден де біраз шығын бар. Жараланғандар да жетерлік», – деді мэр.

Одесса маңындағы Черноморск қаласы іргесінде жауынгерлер жайдың дронының қанатын қырқып түсірді.

Чернигов маңындағы ұрыстарда да украин солдаттары дұшпанды едәуір шығынға ұшыратты.

Бүгін соғыстың үшінші күні өтіп жатыр.

Таңбалар: десантсоғысУкраина

Ұқсас мақалалар

Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…
Жаңалықтар

Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…

05.09.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist