17 Қазан, 15:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Трамп Путинге Украинамен келісімге келуге 50 күн мерзім берді

15 Шілде 2025 15:29
- Жаңалықтар, Қайнар
Трамп Путинге Украинамен келісімге келуге 50 күн мерзім берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 15 шілде. АҚШ президенті Дональд Трамп РФ диктаторы Владимир Путинге Украинадағы соғысын тоқтатуға 50 күн мерзім беретінін мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Трамп Ресейден Украинамен 50 күн ішінде бейбіт келісім жасасуды талап етті. Ол олай болмаған күнде Ресейдің саудалас серіктестеріне 100 пайыздық мөлшерде қайталама тарифтер енгізілетінін жеткізіп, сес көрсетті.

Енді алдағы 50 күннің ішінде Украинада бейбітшілік туралы келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ билігі Ресейдің сауда серіктестеріне 100 пайыздық қайталама тарифтер енгізеді. Мұның жайын Дональд Трамп 14 шілде, дүйсенбі күні Ақ үйде НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуінде айтты.

«Егер 50 күн ішінде келісімге қол жеткізе алмасақ, қайталама тарифтер болады», – деді Трамп. «Егер 50 күн ішінде келісімге келмесек, біз қайталама тарифтерді енгіземіз. Және олар 100 пайыз деңгейінде болады», – дегенді қосты АҚШ президенті.

«Мен сауданы көптеген мақсаттарда қолданамын, – деп қосты ол. – Бұл –соғысты тоқтату үшін таптырмайтын тамаша тәсіл».

Республикашыл президенттің айтуынша, Украинадағы бейбітшілік жөніндегі тікелей Владимир Путинмен арадағы келіссөздер әлі күнге дейін ұдайы «бас әңгімелердің» ауқымынан шықпай келеді.

«Ал содан кейін міндетті түрде Киеве қарай зымырандар ұшып, адамдарды өлтіруді жалғастырып жатыр», – деп жалғастырды Трамп. «Бұл тоқтауға тиіс», – деп талап етті сосын АҚШ президенті. Ол бұған өзінің «Путиннен көңілі қалғанын» қосты, бұдан бірнеше ай бұрын онымен келісімге келуге үмітті болғанын ашып айтты.

Журналистердің АҚШ пен оның одақтастары Украинаға әуе шабуылына қарсы Patriot кешенін беруді жоспарлап отыр ма, деген сұрағына Трамп бәрі де «алдағы екі күннің ішінде» жүзеге асатынын айтып жауап берді.

«Бізде Patriot қаруының 17 кешенін жөнелтуге дайын болып отырған ел бар. Олар оның өзін қажет емес. Сондықтан біз бұл 17-нің басым бөлігі қайда жіберілетініне өзара келісіп аламыз. Олар соғыстың жағында болады», – деді Трамп.

Оның айтуынша, Patriot жөніндегі келісім осы қаруы бар бірнеше елмен жасалады. Сөйтіп, олар жинастырып алынады.

Бұдан бұрын Трамп Уашингтонның Patriot жүйесін Киевке алып беретін Еуропа мемлекеттеріне сатпақшы болып отырғанын мәлімдеген еді.

«Украинна шын мәнінде де орасан зор әскери техникалар алатын болады: олардың арасында әуе қорғанысы жүйелері сияқты, зымырандар мен оқ-дәрілер же бар», – деді Рютте 14 шілдеде Ақ үйде.

Таңбалар: Дональд ТрампПэтриотРюттеУкраина

Ұқсас мақалалар

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес
Дәулет

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

15.10.2026
Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 
Жаңалықтар

Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

15.10.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist