26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Трамп Путинге берген 50 күндік мерзімін 10-12 күнге дейін қысқартады

28 Шілде 2025 22:24
- Жаңалықтар, Жаһан
Трамп Путинге берген 50 күндік мерзімін 10-12 күнге дейін қысқартады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 28 шілде. АҚШ президенті РФ диктататорына Украинадағы соғысты тоқтату үшін берген мерзімін күрт қысқартатынын мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ презизенті Дональд Трамп өз сөзінде Ресей көсемі Владимир Путиннен «қатты көңілі қалғанын» тағы айтты. Енді ол әріптесіне Украинада бейбітшілік орнату үшін келісім жасасуға берген 50 күндік мерзімін күтіп отыра алмайтынын алға тартып, оған бар болғаны 10-12 күн ғана қалдыра алатынын баяндады.

«РФ президенті Владимир Путинде Украинадағы соғысты тоқтату үшін әлі 10-12 күн бар», – деп мәлімдеді Дональд Трамп. Ол осылайша бұған дейін берілген 50 күнді қысқартқалы отыр.

Ақ үй басшысы мұны 28 шілде, дүйсенбі күні Шотландияда жүрген кезәнде айтты. «Мен бүгіннен бастап 10 немесе 12 күнге жаңа дедлайн жасағым келіп отыр», – деп атап өтті америкалық лидер.

Сол күні мұның алдында Трамп «президент Путиннен қатты көңілі қалғанын» білдірді. «Сондықтан бізге мұның бәрін қайта қарастыру керек, мен енді оған берген 50 күнді қысқартпақ болып отырмын», – деп мәлімдеді ол Британия премьері Кир Стармермен кездесу кезінде.

АҚШ президентінің айтуынша, ол Мәскеу тарапынан «алда қандай жауап берілетінін» жақсы біліп тұр.  Майдан даласында ештеңе өзгермейді. Бәрі бұрынғысынша қала береді. Путин осылайша уақытты созып келеді. «Біз талай рет онымен белгілі бір келісімге келдік деп ойладық. Бірақ президент Путин соның артынша дереу Киев тектес қалаларды қатты атқылаудың астына алып, қарттар үйлеріндегі немесе тағы басқа жерлердегі көптеген адамдарды қырып салды. Олардың денелері көшелерде шашылып жатты», – дегенді қосты Ақ үйдің қожайыны бұдан кейін. Демек, енді оның уәдесіне сенудің қажеті жоқ.

Киев Уашинтоннның бұл мәлімдемесін қуана қарсы алды. Украина президенті кеңсесінің басшысы Ондрий Эрмак осы үшін Трампқа «берік позициясы мен анық ескертуі» үшін алғыс сезімін білдірді. «Путин тек күшті ғана мойындайды, ал мынау анық та қатқыл айтылған тұжырым. Бұл – Украина президенті Володимир Зеленський толық қолдайтын принцип». – деп жазды ол Telegram-да.

Трамп шілде айының ортасында Путинге Украинада бейбітшілік орнату жөнінде келісімге қол жеткізу үшіг 50 күн берген болатын. Егер бұл орындалмаса, АҚШ Ресейдің сауда әріптестерінің бәріне 100 пайыздық баж салығын салады. Бұған содан соң Қытайдан басқа келіспеушілік білдірген ешкім болған жоқ.

Таңбалар: Дональд ТрампРесейультиматум

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist