14 Қыркүйек, 05:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тихановскаяның Брестегі жиынына 18 мың адам келді

2 Тамыз 2020 21:22
- Жаңалықтар, Жаһан
Тихановскаяның Брестегі жиынына 18 мың адам келді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЕСТ. 2 тамыз. Бүгін Брест қаласында өткен Беларусь президенттігіне оппозициялық кандидат Светлана Тихановскаяны қолдауға арналған митингіге 18 мың адам жиналды. Бұл туралы «Белорусский партизан» сайты хабарлады.

Жиын елдің ең батыс шебіндегі шаһардың Мәскеу көшесіндегі интернационалист-жауынгергер атындағы паркінде керуен түзді. Оған үміткер өз штабының мүшелері Мария Колесникова мен Кероника Цепкалоның қамсауында келді.

Жексенбі күні саябақтың кіреберісі адамдардың ұзын-шұбақ кезегіне толып кетті. Олардың соңы жиынның ресми бөлігі басталып кеткеннен кейін жарты сағаттан соң ғана ішке өте алды. Парктің өзі қаланың шетінде, қалың орманның арасында орналасқан.

Шара барысында ұлттық символикалардың саудасы қызу жүріп жатты.

Құқық қорғаушылардың есебі бойынша, паркке 18 мыңнан астам адам жиналған.

Мұнда жету үшін оларға бірнеше кедергіден өтуге тура келді. Жолай қоршау шарбақтары көптеп кездесті. Мұны ішкі істер қызметі сақтық шаралары үшін жасағанын айтып жатты.

Бүгін Светлана Тихановская мұның алдында Барановичи қаласында болды. «Вясна» волонтерлер қызметінің мәліметінше, ондағы жиынға сегіз мыңнан астам адам жиналған.

Кездесулерде халық үміткерді өте жақсы қабылдады. Сөйлеушілердің бәрі елге өзгеріс керек екенін, оны оппозиционерлер әкелетінін айтты.

Светлана Тихановская митингілер кезінде сөйлеген сөзінде елдегі ахуалды тұрақсыздандыруға әрекет жасайды деген желеумен бір топ ресейліктің ұсталғаны жайында да өз пікірін білдірді. «Мен ең бір қорқынышты түсімде ғана бұл содырларды биліктің кімге жапсыратынын пайымдағым келмейді. Бұлар қайдағы революция туралы айтып жатыр. Бізге ешқандай төңкерістің қажеті жоқ, біз билікті бейбіт сайлау жолымен қолымызға аламыз, – деді ол. – Себебі, жұрт өзгерістің болуын қатты қалап отыр. Олар мұны жылдар бойы аңсап келді. Біз соған бейбіт жолмен жетеміз».

Үміткер бұған саясатқа «билік үшін емес, әділдік үшін» келгенін қосты. Оның мақсаты біреу ғана – баламалы кандидаттарды түгел қоса отырып, жаңа президент сайлауын өткізу. Сөйтіп, «кімге дауыс беретінін жұрттың өзі таңдауы» мәселесіне қол жеткізу қажет. Бұл үшін осы сайлауда жеңіске жетуі керек.

Жиында Светлана қазіргі екі айдан бері уақытша тергеу оқшаулағышында отырған жұбайы Сергей туралы да айтып өтті. «Мен ол кезде Мозырьде студент едім, ол сол қалада клуб ашты. Сол жерде таныстық. Бұл бір көргеннен тұтанған махаббат еді. Біз бір жылдан кейін үйлендік. Міне, қазір 16 жылдан бері бірге келе жатырмыз. Біздің керемет балаларымыз бар. Менің күйеуім жұрттың көзін ашып, олардың бойындағы батылдық пен сенімді оятты. Мен оның бұдан әрі де жұрттың көзін аша беруіне тілектеспін», – деді ол..

Біздің анықтама. Светлана Георгиевна Тихановская (қыз күніндегі тегі – Пилипчук, белорусша аты-жөні – Святлана Георгіеўна Ціханоўская) – ұлты белорус саясаткер. Ол 1982 жылғы 11 қыркүйекте Брест облысының Лунинец ауданындағы Микашевичи қалашығында туған. 2000 жылы мектепті алтын медальмен бітіріп, Гомель облысындағы Мозырь қаласының педагогикалық унирверситетіне «шетел тілдері» (ағылшын, неміс) мамандығына оқуға түседі. Осыған байланысты қазір белорус, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі. Еңбек жолын Гомель қаласында бастап, әртүрлі мекемелерде ағылшын тілінің аудармашысы болып істеген. Биылғы жылғы 15 мамырда орталық сайлау комиссиясы Сергей Тихановскийді тіркеуден бас тартқаннан кейін ол оның орнына өзінің кандидатурасын ұсынған. Кейін Светлананы тіркеуден өтпей қалған басқа оппозиционерлердің бастамашыл топтары қолдауға кірісіп кетті.

Таңбалар: Светлана Тихановская

Ұқсас мақалалар

Тихановская: Мен үшін Украинаның жеңісі тек уақыттың еншісінде тұр
Қоғам

Тихановская: Мен үшін Украинаның жеңісі тек уақыттың еншісінде тұр

27.05.2026
Тихановская Беларусь билігі өкілдеріне ультиматум қойды
Әлеумет

Тихановская Беларусь билігі өкілдеріне ультиматум қойды

13.10.2020
Тихановская белорус сақшылары әшкерелетінін айтты
Жаңалықтар

Тихановская белорус сақшылары әшкерелетінін айтты

20.09.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist