24 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр бойында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясы өтіп жатыр

9 Сәуір 2024 17:27
- Аймақ, Жаңалықтар
Сыр бойында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясы өтіп жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 сәуір. Бүгін Қызылордада «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясы басталды. Бұл туралы Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шара Президенттің арнайы тапсырмасын іс жүзіне асыру мақсатында қолға алынды. Оған қаладағы барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, волонтерлер, қоғам белсенділері, жастар және тұрғындар белсенді атсалысуда.

Қала жұртшылығы өз аулаларын, кәсіпкерлер мен еңбек ұжымдары аумақтарды, мердігерлік ұйымдар бағдаршам нысандарын, аялдама павильондарын, жол белгілері мен қаланың көше-жол желісінің басқа да инфрақұрылымын тазалау, жуу мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Бұған дейінгі облыс әкімінің бастамасымен жарияланған екі айлық сенбілікте ескі арық көздері аршылып, негізгі каналдар тазаланды. Бұл жұмыстармен қатар, 8 000-ға жуық тал көшеттері отырғызылды. Биыл 35 мың түп саялы ағаш егу жоспарланып отыр. Егілген жас өскіндерге арнайы құрылған «Жасыл-Қызылорда» мекемесі күтім жасайды. Басты мақсат  қаланы таза әрі жасыл желекке айналдыру болмақ.

Сондай-ақ, қала аумағынан 2 гектарды құрайтын жер аршылып, 3 тұқым бағы дайындалуда. Қазіргі таңда осы жерлерге су жолдары жүргізіліп, 50 мың түп қаламша отырғызылды. Әлі 15 мыңнан астам тал көшеттері егіледі. Қызылорда – Астана бағытында салынып жатқан басты жолдың қос қапталына да тал көшеттері отырғызылып, жасыл белдеу қалыптастырылады.

Жалпы, қалада 828 көше бар. Оның 164 көшесі жарықтандырылған. Осы жылы қосымша 54 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Оларды күтіп-ұстау жерілікті бюджет арқылы жүзеге асырылуда.

Қала бойынша 254 аялдама бар. Биылғы жылы жаңадан 10 аялдама орнатылады. Бұл аялдамаларға жеңімпаз мердігер мекеме күнделікті  жуып, тазалық шараларын жүргізеді.

Облыс орталығындағы 52 сквер-аллея ерекше күтімде. Бұл орындарға жеңімпаз мекеме тарапынан тазалық, әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Қала көлемінде аяқ су жүретін негізгі 12 канал бар. Одан бөлек, қалаішілік арық жүйелері қалыптасқан. Бұл каналдар мен арықтарды аршу, тазалау жұмыстарына жаңадан құрылған «Жасыл Қызылорда» мекемесі жауапты. Сонымен қатар, дарияға орнатылған 8 насос қондырғысы мен
33 жер асты су ұңғымалары арқылы қалаға аяқ су берілуде.

Өткен жылы облыс әкімінің үйлестіруімен, демеушілердің қолдауымен көпқабатты 26 үйдің қасбеттері панельді қаптамалармен қапталды. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа көп қабатты 32 үйдің қасбеттері қапталып, жаңаланып жатыр.

Бұдан бөлек, былтыр облыстық бюджет арқылы және демеушілердің есебінен көп қабатты 18 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды. Биылғы жылы жалпы саны 48 көп қабатты тұрғын үйдің ауласы жаңғыртылады.

Таңбалар: Қызылорда қаласытазалықшара

Ұқсас мақалалар

Қызылордада Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өткізілді
Аймақ

Қызылордада Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өткізілді

07.08.2026
Қызылордада Ұлы Жеңіс күніне арналған шапағатты шара өткізілді
Жаңалықтар

Қызылордада Ұлы Жеңіс күніне арналған шапағатты шара өткізілді

09.05.2026
Қызылорда облысында киелі орындарда көктемгі тазалық күні өтті
Әлеумет

Қызылорда облысында киелі орындарда көктемгі тазалық күні өтті

19.04.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist