25 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр бойында 48,6 млрд теңгеге медициналық нысандар салынды

22 Желтоқсан 2025 22:31
- Әлеумет, Жаңалықтар
Сыр бойында 48,6 млрд теңгеге медициналық нысандар салынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 22 желтоқсан. Қызылорда облысында биыл 48, 6 млрд теңгеге 43 медициналық нысан салынып, іске қосылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің барлық ауданында 10 млрд 763 млн теңгеге 28 медициналық нысан салынды. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана төріндегі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде осылай деді.

«Қызылорда қаласында 36 млрд 400 млн теңгеге 300 орындық көп бейінді аурухана құрылысы қарқын алды, 5 млрд 400 млн теңгеге 4 аудандағы орталық ауруханалар жанынан қосымша ғимараттар салынды. Шиелі ауданында 2 млрд 300 млн теңгеге бой көтерген жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты ел игілігін толықтырды. Құрылысына 2 млрд  200 млн теңге бөлінген дәл осындай жаңа нысан жақын күндері Арал ауданында ашылады. Бұрын-соңды өз ғимараты болмаған қан орталығы бүгінде жаңадан салынған нысанда халыққа қызмет көрсетуде», – деді сосын облыс әкімі.

Сонымен қатар, Үкімет облыс орталығында 48 млрд 500 млн теңгеге 200 орындық перинаталдық орталық, 14 млрд 780 млн теңгеге 500 орындық емхана салуға тиісті қаулы қабылдады. Құрылыс жұмыстары жақын күндері басталады. Сол сияқты тағы бір 400 орындық емхана салу жоспарланып отыр.

«Халық сұранысына сәйкес, соңғы 2 жылда жергілікті бюджеттен бөлінген 5 млрд 400 млн теңгеге 225 жаңа санитарлық автокөлік, 45 жедел жәрдем көлігі алынып, барлық елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдарына табыс етілді», – дегенді айтты келесі кезекте Нұрлыбек Нәлібаев.

Тағы бір айта кететін жайт, кейінгі жылдары 24 медициналық нысан 6 млрд теңге қаржыға күрделі жөндеуден өткізілген, 15 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынған. Жабдықталу деңгейі 2022 жылғы 83,2 пайыз болса, қазір бұл көрсеткіш 87,4 пайызға артты (республикада – 85,6 пайыз).

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін мамандар біліктілігін арттыру мәселесі ұдайы назарда. Халықаралық байланыстың артуы мамандардың тәжірибе алмасуына жол ашты. Өткен жылы 15 дәрігер Түркияның жетекші медициналық клиникасында білім жетілдірді. Биыл 41 медицина қызметкері Германия, Ресей, Литва, Беларусь елдеріндегі үздік клиникаларда біліктілік арттырды.

default

Таңбалар: АстанабрифингмедицинаНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін брифинг берді
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін брифинг берді

23.08.2026
Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды
Әлеумет

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды

21.08.2026
Қайтарылған активтердің 176, 8 млрд теңгесі денсаулық саласына бағытталды
Дәулет

Қайтарылған активтердің 176, 8 млрд теңгесі денсаулық саласына бағытталды

18.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist