19 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шиеліде орын алған оқушы қазасына байланысты тың деректер шықты

23 Мамыр 2024 20:59
- Жаңалықтар, Оқиға
Шиеліде орын алған оқушы қазасына байланысты тың деректер шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 мамыр. Бұдан екі күн бұрын хабары тараған Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы мектеп оқушысының қазасына қатысты жаңа ақпар пайда болды. Бұл туралы El.kz мәліметіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оқиға ауданның ежелгі «Төңкеріс» (қазір Шеген Қодаманов атында) ауылында орын алған. Осындағы №158 орта мектептің 9-сынып оқушысы Ерасыл Төребай әлімжеттік салдарынан жантәсілім еткен. Оны 10 сынып оқушылары жабылып ұрған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растап, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты екі жасөспірім күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынғанын баяндады.

Марқұмның анасы 31-арнаның «Информбюро -Жаңалықтар» бағдарламасына берген сұхбатында ұлының жоғары сыныпта оқитын балалардан әлімжеттік көргенін айтып отыр. Сәуле Жақсылықованың айтуынша, ұлы өткен сенбіде кешке достарына барамын деп үйінен шығып кеткен. Сол кеште жоғары сыныптағы оқушылар өздерінен кіші балаларды жинап алып, әбден ұрып-соққан дейді. Ауыр соққыдан есінен танып құлаған бала көп ұзамай қайтыс болған.

«Жалғыз ұлымнан айырды. Балалардың бәрін қатарға тұрғызып қойып ұрған екен. Сонда баламның «Ұрмаңдаршы, менің денсаулығым жоқ. Ұрмаңдаршы» деп өтінгеніне қарамаған», – дейді Ерасылдың анасы.

Сәуле Жақсылықованың айтуынша, бұған дейін де ұлы бірнеше рет таяқ жеген. Соны айтып мектеп директорына барғанда, ол  басын алып қашып, мектеп психологынан, басқа мамандардан сұра деп жіберген.

Бұл оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та өз ойын білдірді.

«Кеше бірден әкімнің орынбасарына тікелей телефон арқылы хабарласып, болған жағдайға қатысты қандай шара қолданып жатқанын сұрадым. Тек бір мектепке қатысты емес, аймақтағы (басқа мектептерге) нақты қандай шаралар қолданылатыны туралы жарты сағаттай әңгімелестік», – деді ол бұрнағы күні.

Ғани Бейсембаев мұндай жұмысты мектептерде мұғалімдер мен полицейлер жүргізетінін атап өтті. Олар оқушыларға Қылмыстық кодекстің нормаларын түсіндіреді.

«Бұл жұмысты сынып жетекшілері, мұғалімдер атқарып келді. Биылдан бастап Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігінің мамандары осы құқықтық заңдарды дұрыс пайдалануға, сауаттандыруға қатысты жұмысты бастап кетті. Бұдан бөлек, барлық мектепте 111 сенім телефоны жұмыс істейді. Оған кез келген бала хабарласа алады. Олар осындай жағдайды айтып, тиісті шағымын жасай алады», – деді министр.

«Барлық мәселені ашық талқылап, өңірдегі әкімдіктерге нақты тапсырма берілді. Былтыр тамыздың соңында Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау үшін кешенді бағдарламаны Үкіметтің қауласымен қабылданды. Осыған байланысты әлемдегі тәжірибені зерттеп, буллингке қарсы ең тиімді жоба ретінде фин жүйесін және «Дос болайық» жобасын қарастырдық», – деді Ғани Бейсембаев.

Министр сонымен қатар, Жамбыл облысында да мектеп оқушысының қапыл қазаға ұшырағанын атап өтті.

Таңбалар: Ғани Бейсембаевоқушы қазасыШиелі

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының Шиелі ауданында күн-электр станциясы іске қосылды
Дәулет

Қызылорда облысының Шиелі ауданында күн-электр станциясы іске қосылды

30.09.2026
Өмірі өнегенің өрісі еді
Аймақ

Өмірі өнегенің өрісі еді

01.07.2026
Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған вокзалдар ел игілігіне ұсынылды
Аймақ

Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған вокзалдар ел игілігіне ұсынылды

27.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist