18 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шиелі ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

19 Қараша 2025 22:03
- Жаңалықтар, Сайыс
Шиелі ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ШИЕЛІ. 19 қараша. Қызылорда облысының Шиелі ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені қатарға қосылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, құттықтау лебізін жеткізді.

«Жақында Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшымыз алға қойған жоспарларды уақытылы әрі сапалы іске асырудың маңызын атап өтті. Аймақта инвестициялық климатты жақсарту, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысының ерекше қолдауы баршамызды жаңа жетістіктерге жетелейді, еселенген жауапкершілік жүктейді. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты ел дамуының темірқазығына айналды. Бұл халықтың ынтымағын нығайтып, мемлекеттің қуатын арттырады», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Оның баяндауынша, Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолында Сыр халқы да бекем бірліктің, ерен еңбектің үлгісін көрсетуде. Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауымен облыс бюджеті 851 млрд 300 млн теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталуда. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалып келеді.

«Бүгін құрылысына 338 млн теңге жұмсалған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салтанатты түрде ашу үшін бас қостық, – деді Нұрлыбек Машбекұлы. – Жаңа нысан дені сау ұлт қалыптастыруға қызмет етіп, жаттығуға келген жас өрендердің арасынан әлемдік ареналарда Қазақстанның көк туын көкте желбірететін чемпиондар шығады деп сенеміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!».

Иә, мемлекет спорт инфрақұрылымын дамыту үшін тиісті қаражат бөліп, балалардың жастайынан спортпен алаңсыз айналысуына жағдай жасауда. Спорт нысандарды дене шынықтыруға ден қойған әрбір адамға қолжетімді болуы үшін көп жұмыс атқарылды. Жаңадан ашылған кешендегі жаттығу залдары да спорттың әр түрімен шұғылданушыларға керекті құралдармен жабдықталған. Спортты серік еткен балалар мен үлкендерге ыңғайлы.

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер, жаңа нысанды салып ел игілігіне тапсырған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатын алды.

Шара соңынан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев жиналған қауымға бата берді.

Таңбалар: Нұрлыбек Нәлібаевспорт кешеніШиелі ауданы

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist