19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Щи Трампты Тайваньға орай жанжал туып кетуінен сақтандырды

14 Мамыр 2026 17:03
- Жаңалықтар, Қайнар
Щи Трампты Тайваньға орай жанжал туып кетуінен сақтандырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕЙЖІҢ. 14 мамыр. ҚХР Төрағасы Щи Жиңпиң Бейжіңде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу кезінде Тайвань мәселесі екі ел арасында жанжал туып кетуіне себепкер болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол Тайвань жайы Қытай-Америка қарым-қатынасындағы ең түйткіл түйін болып тұрғанына назар аудара келіп, мейманын оған деген «бөтен көзқарастың» қарулы қақтығысқа алып баратынымен қорқытуға тырысты.

Уашингтон Тайванның айналасындағы жағдайға «дұрыс көзқарас» болмаған жағдайда, Қытай мен АҚШ арасында «кикілжіңдер, тіпті қақтығыстар» орын алуы мүмкін, бұл Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты өте қауіпті жағдайға қалдырады. «Қытай басшысы Щи Жиңпиң Америка президенті Дональд Трамппен 14 мамыр, бейсенбі күні өткен кездесу барысында осындай мәлімдеме жасады», деп жазды Қытайдың Синьхуа агенттігі.

Сонымен бірге Щи Тайвань мәселесін Қытай-Америка қатынастарындағы ең маңызды мәселе деп атады. Бейжің билігі құрлықтағы елімен сонау 1949 жылы-ақ байланысын үзіп тастап, көптен бері демократиялық үкімет дергейіндегі дербес дәулет болып отырған Тайваньды Қытайдың бір бөлігі деп санайды. Ал Тайвань Жөңгеден өз тәуелсіздігін талап етеді. Осы ретте АҚШ Тайваньмен ресми дипломатиялық қарым-қатынасты жасамайды, бірақ ол жерге қару-жарақ жеткізіп беріп тұрады.

Бірқатар бақылаушылардың пікірінше, Қытай АҚШ-тың ең алдымен Азия-Тынық мұхиты ауданында стратегиялық маңызы бар деп санайтын аймақтардағы ықпалын азайтуға тырысады. Соңғы айларда ҚХР Тайвань мен Оңтүстік Қытай теңізінің айналасында әскери белсенділікті арттырды, онда ол Филиппинмен өзара аумақтық талаптарға байланысты шиеленісті қарым-қатынасты күшейтті.

Дональд Трамп Қытайға 13 мамырда жұмыс сапарымен келді. Сапарда оның жанында ұлы Эрик, сондай-ақ Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск, Apple компаниясының бас директоры Тим Кук және NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг болды.

АҚШ ҚХР-мен авиация, ауыл шаруашылығы және энергетика сияқты салаларда бірнеше экономикалық келісімдер жасасуға үміттенеді.

Тайваньнан басқа тақырыптарға келетін болсақ, екі елдің басшылары Уашингтон мен Бейжің арасындағы тарифтік дауды, сондай-ақ АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын талқылайды деп күтілуде.

Трамптың Бейжіңге сапары бастапқыда наурыз айының соңына жоспарланған, бірақ Иранмен арадағы соғысқа байланысты кейінге қалдырылған.

Таңбалар: Дональд ТрампТайваньШи Жиңпиң

Ұқсас мақалалар

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес
Дәулет

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

15.10.2026
Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 
Жаңалықтар

Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

15.10.2026
Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты
Жаңалықтар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты

31.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist