8 Қыркүйек, 03:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сенаторлар Премьерден балалар әдебиетіне көңіл бөлуді талап етті

6 Маусым 2020 07:55
- Жаңалықтар, Руханият
Сенаторлар Премьерден балалар әдебиетіне көңіл бөлуді талап етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 6 маусым. Кеше Парламент Сенатында қазақ балалар әдебиетіне мемлекеттік тұрғыда көңіл бөліп, қамқорлық жасайтын уақыт жеткені айтылды. Бұл туралы SkifNews хабарлады.

Депутаттар бұл мәселені Үкімет басшысы Асқар Маминнің алдына қоюды жөн деп тапты.

«Қазақстан Жазушылар одағының 700 мүшесінен балалар әдебиетімен айналысатын 70 жазушы шықса, бөркімізді аспанға атар едік. Қазақстанда мектеп жасына дейінгі 3 жасар баладан бастап, 16 жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған тартымды туындылар жетіспейді», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.

«Біз мемлекеттік тіл неге өз дәрежесінде дамымай отыр, деген сауалды жиі қоямыз. Балалар әдебиеті дұрыс өркен жайғанда ғана мемлекеттік тілдің тұғыры берік болады. Бұл сауалға мемлекет тарапынан «қаржы жоқ» деген жауап естуіміз мүмкін», – ол.

Нұртөре Жүсіптің деректері бойынша, елімізде жыл сайын әлеуметтік бағдарланған мемлекеттік тапсырыс бойынша 2018 жылы 1 миллиард 845 миллион теңгеден астам, 2019 жылы 1 миллиард 101 миллион теңге бөлінген. Соның ішінде балалар әдебиетіне бөлінгені – тиісінше 89 млн 183 мың және 19 млн 420 мың теңге. 2020 жылға 821 млн 615 мың теңге бөлу жоспарланса, соның 46 млн 848 мың теңгесі балалар әдебиетіне арналған.

Шығатын кітаптардың ішінде балалар әдебиетінің үлес салмағы өте төмен. Таралымы да, сапалық жағы да көңіл көншітпейді. Кейбір авторлар кітаптарды өз қаражатына шығарады.

Баспа ісі, журналдар балаларға арналған материалдарды қызықты етіп жеткізудің жан-жақты жолын қарастыру керек. Қазір әлемде полиграфия жақсы дамыған, дизайн мен графиканың уақыты.

Қазақстандағы баспалар жұмысы халықаралық стандарттарға сай келмейді. Халықаралық тәжірибелерге сүйену керек. Шетелде автор, иллюстратор, баспагер, әдеби агент – тұтас шығармашылық топ күш біріктіреді. Бұл ретте бізге алысқа бармай-ақ, Ресей тәжірибесінен үйренуге болады.

«Ресейде Aromabook, Scentbook деген баспалар бар. Алма туралы өлең болса, алманың иісі шығады. Өте тартымды. Кітапқа ұялы телефоныңызды жақындатсаңыз суреттер қимылдайды. Мұндай кітапты көрген балалар жабысып қалады. Ресейде «Театр теней» деген де керемет қосымша бар. Сурет арқылы балаларды әдебиетке қызықтырады.

Ауылдық мектеп кітапханаларында балаларға арналған әдебиеттер жеткіліксіз. Интернет және гаджеттер ғасырында балалар кітап туралы ұмытпауы тиіс», – деді Нұртөре Жүсіп бұдан әрі.

Балалар әдебиетін дамыту үшін балалар драматургиясы, балалар прозасы, балалар поэзиясы деген түрлі бәйгелер мен конкурстар ұйымдастырып тұру керек. Қуыршақ театрларындағы балаларға арналған репертуар тым жұтаң. Олардың көбісі ересектерге арналған.

Қазір біз барлық күшті балалар әдебиетін дамытуға салуымыз керек.

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамытуға «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша да біраз қаражат көзделген.

«Мемлекетте қаражат жоқ емес. Соның ең кем дегенде, 50 пайызын балалар әдебиетін дамытуға бағыттау қажет», – дейді сенаторлар.

Еуропаның мемлекеттерінде, сондай-ақ, Ресей, Латвия, Бельгияда кітаптарға салынатын қосымша құн салығы 5 пайыздан аспайды. Ұлыбритания, Ирландия, Норвегия, Польша, Украина елдерінде кітапқа салық мүлдем салынбайды.

Көтеріліп отырған мәселеге байланысты сенаторлар Үкімет алдына мынадай ұсыныстар қойды:
«Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы және «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасының шеңберінде, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға арналған қаражат көздерінен балалар әдебиетін дамытуға арнайы қаржы бөлу ұсынылады;

балаларға арналған кітаптарды басып шығаруға жеңілдік беру үшін қосылған құн салығынан босату қажет;

ұлттық мультфильмдер шығару ісінде жекеменшік компанияларды қаржылай қолдау тетіктерін қарастыру;

жергілікті әкімдіктер тарапынан кітапханаларды «Балалар әдебиеті» бағдарламасын жасап, шыққан жаңа кітаптармен толықтыру;

жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін электронды оқулықтарды енгізу. Мұндай кітаптар қолдануға өте тиімді, барынша ыңғайлы, қазіргі заман талабына сай болғаны жөн.

«Сондықтан, Үкімет қазақ балалар әдебиетін дамытудың кешенді бағдарламасын жасап, аталған шараларды қолға алуы қажет деп есептейміз», – деп түйіндеді депутаттар. Енді олар Премьер-министр Асқар Маминнен көтерілген мәселе бойынша толық жауап беруді талап етіп отыр.

Таңбалар: қазақ балалар әдебиетінұртөре жүсіп

Ұқсас мақалалар

Проректор жазушымен балалар әдебиетін насихаттау жөнінде пікір алмасты
Жаңалықтар

Проректор жазушымен балалар әдебиетін насихаттау жөнінде пікір алмасты

05.08.2024
Сенатор Нұртөре Жүсіп қазақ жұртына ортақ құндылық керек екенін мәлімдеді
Жаңалықтар

Сенатор Нұртөре Жүсіп қазақ жұртына ортақ құндылық керек екенін мәлімдеді

11.01.2024
«Кітап оқыған баланың көкірегінде от жанады»
Жаңалықтар

«Кітап оқыған баланың көкірегінде от жанады»

14.02.2021
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist