МӘСКЕУ. 11 мамыр. Ресей Федерациясы орта мектеп оқушыларын әскерилендіріп, милитаризациялау жолына 50 миллиард рубль жұмсады. Бұл туралы DW («Неміс толқыны» радиосы) ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осыған орай «Вот так» ресурсы 50 млрд рубльге Ресейде 50-ге жуық мектеп, 166 бассейн, 370 спорт кешені және 3800-ден астам спорт алаңдарын салуға болатынын атап көрсетті.
«Ресей билігі соңғы бес жылда мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық орталықтар құрып, олардың жұмыс істеулері үшін 50 миллиард рубльден астам қаражат бөлді», деп жазды аталмыш мәтбұғат құралы 11 мамыр күні.
Таблоид осы жүйенің соңғы бес жылда атқарған қызметінің ауқымы мен мазмұнына қатысты жүргізген тексеру жұмыстарының қорытындысын жариялады.
«Оқу-жаттығу және әскери жиындар – бұл алғашқы әскери дайындықтың бес күндік курсы, одан 16-17 жастардағы жасөспірімдер, оныншы сынып оқушылары мен колледжтердің екінші курс шәкірттері өтіп тұрады», – делінген жарияланымда.
Журналистер мұнда екі түйінді құрылым – «Авангард» және «Воин» орталықтары бар екенін суреттеп өтеді. Соның ішінде «Авангард» жүйесі 2020 жылдан бері дамып келеді, 2025 жылдың қыркүйегіне қарай елде тап осындай 147 орталық жұмыс істеп тұрды. Былайынша айтқанда, Ресейдің жас ұрпағы түгелге жуық алда болатын соғыстарға дайындала бастады. Бұлардың бәрін аймақтардың өздері құрып, өздері қаржыландыруды қолға алды.
«Вот тактың» бағамы бойында 70 аймақтың 39-ы осы орталықтар үшін 36, 5 млрд рубль қаржы бөлген. Қаржының негізгі бөлігі – 23 миллиардқа жуығы құрылыс салу мен оларды жарақтандыруға, қалғандары ұстап тұруға кеткен.
«Воин» жүйесінің 21 филиалы жұмыс істейді, соның төртеуі Ресей басқыншылар армиясы уақытша басып алған Украина елінің территориясында орналасқан. 2022 жылдың қыркүйегінен бері оған 15 млрд рубльге жақын ақша жіберілген. Ал жоспарда 2030 жылға дейін бүкіл елдегі мектептердің барлығында милитаризация жүргізу міндеті тұр.
Ресейде ашизм осылай қуатты қарқынмен дамып келеді.
USD




