23 Қараша, 02:11
RAST.kz
USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Достық үйі» жаңа ғимаратының іргетасы қаланды

1 Мамыр 2025 18:32
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада «Достық үйі» жаңа ғимаратының іргетасы қаланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 мамыр. Бүгін Қызылордада Қазақстан халқының бірлігі күні «Достық үйінің» іргетасын қалау рәсімі болып өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ғимарат құрылысының салынуына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы қаржылай қолдау көрсетеді.

Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, зиялы қауым өкілдері мен сала басшылары қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен, Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, өңірдегі жобалар мен жаңа орталықта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

«Береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына биыл 30 жыл толды. Аталған құрылым бүгінде халқымызды бірлікке, достыққа үндейтін жалпыұлттық келісімнің негізіне айналды.

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХIV сессиясында: «Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа «Достық үйі» ашылды. Мұндай үйлер енді тағы бірнеше қала мен аудан орталықтарында ашылады деп жоспарлануда. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейте беруіміз керек» деген болатын.

Жаңа «Достық үйі» аймағымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктер мен ассамблея белсенділері үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген замануи ғимарат болады», – деді аймақ басшысы.

Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсімінде Мейіржан Юсупов «Достық үйі» ел игілігіне, жақсылыққа қызмет етсін деген тілегін білдірді.

Жиында сондай-ақ  Парламент депутаттары  Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев,  мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы сөз алып, рәсімге қатысушыларды мерекемен және қолға алынып жатқан игі іспен құттықтады.

«Достық үйінің» сметалық жоба құны  3 млрд 800 млн теңгеге бағаланып отырған жаңа ғимараты «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қолдауымен салынады.

Таңбалар: Достық үйіҚызылордаНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты
Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

19.11.2026
Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс
Жаңалықтар

Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

16.11.2026
Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті
Аймақ

Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

14.11.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist