9 Шілде, 03:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Сабалақ» саяжайы «көгілдір отынға» қосылды

17 Ақпан 2026 22:29
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада «Сабалақ» саяжайы «көгілдір отынға» қосылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 ақпан. Бүгін Қызылорда қаласындағы «Сабалақ» саяжай елді мекеніне газ қосу рәсімі өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары арнайы қатысты.

Аймақ басшысы тұрғындарды көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев қаламызда өткен Ұлттық құрылтайда: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, аймағымыздың барлық салада қарқынды дамығанын ерекше атап өтті. Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді, – деді Нұрлыбек Нәлібаев. – Тарихи миссиясы маңызды жиында Мемлекет басшымыз Қызылорда қаласында 300 орындық көп бейінді аурухана құрылысы басталғанын, алдағы уақытта 500 орындық емхана мен 200 орындық перзентхана салынатынын, жаңа драма театр мен заманауи Президенттік кітапхана құрылысы басталатынын жариялады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолын төрт жолақты етіп кеңейту жобасы, «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысы биыл қолға алынатынын айтты. Бұл – Мемлекет басшымыздың Сыр жұртшылығына ыстық ықыласы, тұрғындарымыздың бекем бірлігі мен тату тірлігінің нәтижесі!»

«Халқымызда «Мұраты бірдің қуаты бір» деген сөз бар. Ауылдың дамуы, келешегі Сіздерге, тұрғындардың еңбекқорлығымен ауызбірлігіне байланысты. «Сабалаққа» қосылған «көгілдір отын» халықтың тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсер етеді деп сенеміз!», – деді облыс әкімі бұдан әрі.

Рәсімде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұрғындар және мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйледі. Қызылорда қаласының құрметті азаматы Сайлаубай Әбішев бата берді.

Айта кетейік, Қызылорда қаласының іргесінде 80-ге жуық саяжай бар, оның 10-ға жуығында халық тығыз қоныстанған. Осыған байланысты бас жоспарға өзгерістер енгізіліп, бірқатар саяжайға «Тұрғын үй аумағы» мәртебесі берілді.

«Сабалақ» саяжайы қала шекарасына енгізіліп, инфрақұрылым жеткізуге мүмкіндік жасалды. Соңғы төрт жылда бұл аумаққа 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 22 шақырым ауыз су магистралі тартылды. Су мұнарасы орнатылып, электр желісі жүргізілді, 20-ға жуық көшеге орташа жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Орда скул-2» жеке мектебін мемлекет меншігіне берді.

«Сабалаққа» 3,2 млрд теңгеге газ тартылып, 1 694 үйге «көгілдір отын» қосылады. Алдағы уақытта басқа да саяжайларға кезең-кезеңімен инфрақұрылым жүргізіледі.

Таңбалар: газҚызылордаСабалақ

Ұқсас мақалалар

Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті
Аймақ

Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

05.07.2026
Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды
Жаңалықтар

Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

02.07.2026
Жаңа саяси кезең жаңа үлкен жауапкершілік жүктейді
Жаңалықтар

Жаңа саяси кезең жаңа үлкен жауапкершілік жүктейді

01.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist