19 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пойызда қыз зорлаған екеудің ісіне нүкте қойылды

26 Ақпан 2020 14:53
- Жаңалықтар, Құқық
Пойызда қыз зорлаған екеудің ісіне нүкте қойылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚОСТАНАЙ. 26 ақпан. Қостанайдың №2 қалалық сотында бұрынғы жолсеріктер Қолқанат Құрманияз бен Жетес Үмбетәлиевке шығарылған үкім қайта қаралып, өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлады.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Тұлпар-Тальго» пойызында болған оқиғаға байланысты апелляциялық шағымдарды қарап, оның соңғы нүктесін қойып берді.

«Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен № 6 вагондағы жолаушыны зорлаған Қ. Құрманияз бен Ж. Үмбетәлиев ҚР ҚК 120-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот алқасы қабылданған шешімнің негізділігі мен заңдылығына байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісті. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен дәлелденді. Ж. Үмбеталиев алдын ала қылмыс жасау орны мен жағдайларын дайындап, купедегі басқа адамдарды шығарып жіберген. Жәбірленушінің айғақтары сотта және сот тергеуі бойы тұрақты болды, іс материалдарымен, сараптама қорытындысының нәтижелерімен толық сәйкес келеді. Жолсеріктерге жаза істің барлық мән-жайларын ескере отырып, баптың санкциясы шегінде тағайындалған», – деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилованың Facebook парақшасында жазуынша, 26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында ол «Тальго» пойызының купесіне отырады. Купе ішінде бір ер адам болған. Заттарын қойып, пойыз мейрамханасының асханасынан тамақтанып келген кезінде купе ішінде арнайы форма кимеген жолсерік отырады. Ол әуелгі ер адамды басқа купеге ауыстырып жібергенін айтады. Қыз ұйқысы келгенін түсіндіріп, жолсеріктен купеден шығуын өтінеді. Сыра ішіп отырған жолсерік тек жарты сағаттан соң шығып кеткен. Алайда, таңғы сағат 04:00 шамасында жолсерік бойжеткен жатқан купеге өз кілті арқылы ашып кіреді. Мұнан соң арам ойын іске асырады. Ізінше екінші жолсерік те келіп, бойжеткенді зорлаған.

Сол қылмыстық істің соңғы түйіні енді қойылды.

Таңбалар: Дана Смаиловазорлықтальго

Ұқсас мақалалар

Қуандықтың экс-әйелі: Бишімбаевтар жәбірленуші жаққа жала жаппақ болған
Жаңалықтар

Қуандықтың экс-әйелі: Бишімбаевтар жәбірленуші жаққа жала жаппақ болған

02.03.2024
Бас прокурор 5 жасар қызды зорлап, өлтіру ісін бақылауға алды
Жаңалықтар

Бас прокурор 5 жасар қызды зорлап, өлтіру ісін бақылауға алды

14.07.2023
Кадыровшылар Мелитопольде ресейлік журналисті зорлап, операторды ұрған
Жаңалықтар

Кадыровшылар Мелитопольде ресейлік журналисті зорлап, операторды ұрған

31.01.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist