26 Тамыз, 13:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қуандықтың экс-әйелі: Бишімбаевтар жәбірленуші жаққа жала жаппақ болған

2 Наурыз 2024 23:16
- Жаңалықтар, Таным
Қуандықтың экс-әйелі: Бишімбаевтар жәбірленуші жаққа жала жаппақ болған
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 2 наурыз. Әйелін асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталып отырған Қуандық Бишімбаев тарапы жәбірленуші жаққа тағы жала жабуға әрекет етті. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осыған байланысты сотталушы Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман арнайы үндеу жасады.

Назым әлеуметтік желіде жарияланған үндеуінде Бишімбаевтар тарапы таратып отырған Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек (Айтым) Амангелді бұдан бұрын Қуандық екеуінің ортақ қызын зорлады деген әңгіменің жалған екенін, оның тек қарсы жаққа жала жауып, күйе жағу және олардың беделдеріне нұқсан келтіру мақсатында қасақана шығарылғанын мәлімдеді.

Әңгіме «Назым Қаһарман мен Қуандық Бишімбаевтың 10 жастағы қызын Айтбек Амангелді зорлады» деген жазбаларға қатысты болып отыр.

Назымның айтуынша, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіні айыптаған жазба – жала жабу.

«Менің ойымша, бұлар болған оқиғаның мағынасын ауыстырып жіберген, тіпті оқымаған да. Кейбір сөздерді өздерінің мақсаты үшін айналдырып жіберген. Енді менің мұны теріске шығаруыма тура келеді. Қызымның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, менің «сатқын» екеніме және т.б. әсерін тигізді. Сондықтан мен сол күн туралы, оның негізінде бір сөзді қолдана отырып, не болғанын білмей, жазба жариялаған хаттама туралы айтуды шештім. Мұның бәрі беделді түсіру үшін пайдаланылған», – деді Назым Қаһарман.

Ол марқұм Салтанат Нүкенованың ағасын жеке танымайтынын және дос емес екенін айтты.

«Мен оның отбасына қайғырып көңіл айтамын. Мен өзімнің және қызымның мүддесін қорғау үшін мәлімдеме жасаймын», – деді Назым.

Оның айтуынша, 2023 жылдың наурызында оның қызы мен ұлы Қуандық Бишімбаевпен бірге болған. Бір сәтте төбелес туып кетіп, балалар оны өз көздерімен көрген. Кейін қызы қорыққаннан анасына хабарлама жіберген.

Келесі күні Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қызының есеңгіреп қалғанын айтып, полицияға хабарласқан.

«Мен бірінші кезекте Қуандыққа ашуландым, олардың қауіпсіздігіне жауап беруі керек еді ғой. Ол жерде не болғанын білмедім. 102-ге телефон соғып, қызыма шабуыл жасалғаны туралы полицияға хабарластым. Оператор сексуалдық зорлық-зомбылық болды ма, жоқ па, деп сұрады. Мен оған: «Не жағдай болғанын білмеймін, ол жерде болған жоқпын, келіңдер, анықтайық», дедім», – дейді Назым.

Әйел балаларынан жауап алынғанын айтады. Осыдан кейін Айтбек Амангелді оларға қатысты ешқандай жаманшылық жасамаған, заң бұзбаған деген қорытынды жасалған.

«Бұл – әкімшілік құқық бұзушылық. Негізі, Қуандық Бишімбаев арыз жазуы керек еді. Қызым мен ұлымның айтуынша, жағдай былай болғанын түсіндік. Кешкі сағат 19.00 шамасында Қуандық бір жаққа кетіп қалады. Кешкі сағат 10-11-де Салтанат та кетіп қалады. Түнгі сағат 2-де домофон шырылдаған. Қызым жауап берген, ол Салтанаттың ағасы болып шығады. Олар бір-бірін білетін. Ол ішке жүгіріп кіріп, оны ұстап алып, Салтанаттың қайда екенін сұрайды. Екеуі пәтерді бірге аралап, Салтанат пен Қуандықты іздеген. Осыдан кейін Айтбек Қуандыққа телефон соққан. (…) Бұл жерде Айтбек жайлы айта кету керек. Ол қызымның қасына келіп: «Балақай, қатты қорқып кеттің бе? Бәрі жақсы ма?» деп сұраған», – деді Назым.

Айтбек Амангелді Назым Қаһарманның қызына Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы ұрып, соққыға жыққанын айтқан.

Назымның айтуынша, Қуандық Бишімбаев келгенде, Айтбек екеуінің арасында төбелес болып, айқай-шу басталады.

«Қуандық пен Айтбек ұрсысып қалғанда, балаларым шкафқа тығылып, бәрі тынышталғанша отырған», – деді Назым.

Балалардың анасының айтуынша, Айтбек Қуандықтың үйіне Салтанаттың соққыға жығылғаны түсірілген суреттер қолына тигеннен кейін келген.

Таңбалар: Айтбек АмангелдіжалғанзорлықҚуандық БишімбаевНазым Қаһарман

Ұқсас мақалалар

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның көңілдестері жайлы кітап жазды
Әлеумет

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның көңілдестері жайлы кітап жазды

31.05.2026
Сара Назарбаеваның өмірден өткені өтірік болып шықты
Әлеумет

Сара Назарбаеваның өмірден өткені өтірік болып шықты

15.05.2025
Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді
Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді

20.07.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist