6 Қыркүйек, 13:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Марапат он алты жылдан кейін иелерін тапты (фото)

31 Желтоқсан 2020 22:28
- Жаңалықтар, Оқиға
Марапат он алты жылдан кейін иелерін тапты (фото)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТЕРЕҢӨЗЕК. 31 желтоқсан. Қызылорда облысы Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінде бұдан 16 жыл бұрын жасалған кісі өліміне қатысты қылмысты сол бойда ашқан тәртіп сақшыларын кезекті марапаттау рәсімі болды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Шараны сол кездері Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып істеген Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі, отставкадағы полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетов жасады. Оған аудандық полиция бөліміне қарасты бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ербол Жанәлиев және бөлім қызметкерлері қатысты.

Кездесуде бұдан 16 жылдан астам уақыт бұрын, 2004 жылдың шілде айында ауыр қылмысты жедел ашуға қатысқан тәртіп сақшылары Рысбек Ибраев пен Раджаб Салхадинге облыстық полиция департаментінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты» тапсырылып, құрмет көрсетілді.

Оқиға 2004 жылдың 5 шілдесі күні орын алған еді. Сол күні сағат кешкі 6-ның шамасында Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Болатбек Тоқберішев, Рысбек Ыбыраев, Раджаб Салхадин аудан территориясындағы 8-ші теміржол бекеті маңында жедел шаралар жүргізу барысында К.Б. деген азаматты өлтірген Қармақшы ауданының тұрғындары Сәтбай Қожабаев пен Оразбек Ешбаевты ұстайды. Тексеру барысында бұл екеуінің Қызылордаға сол күні келгені анықталады. Олар қаладағы ескі базар маңында таксилер тұратын жерге барып, К.Б. деген жеке тасымалмен айналысатын жігітке өздерін «Қараөзек» ауылына жеткізіп тастауды сұрайды. Таксиші келіседі.

Сөйтіп, олар «ВАЗ-2107» маркалы көлігімен жолға шығады. Көлік Қараөзек станциясына жақын жердегі теміржол өткеліне келген кезде алдыңғы орындықта отырған Қожабаев жүргізушіден тоқтауды өтінеді. Бұл оның артқы орындықта, шофердің дәл желке тұсында отырған сыбайласына алдын ала келісім бойынша берген белгісі еді. Сол-ақ екен, дайын отырған Ешбаев қолындағы жібін жүргізушінің мойнына орай лақтырып жіберіп, оны қылқындыра бастады. Бірақ көлікті тоқтатып үлгерген шофер оған ерік бере қоймайды. Мұны байқаған Қожабаев пышағын суырып ала бергенде, қорғанушы жігіт оны да қағып, қарақшының аяғынан теуіп үлгереді. Алайда, ол мойнына жабысқан келесі қарақшыдан босанып шыға алмағасын, бұдан артық ештеңе жасай алмайды. Осыны пайдаланған Қожабаев дереу еденге түсіп кеткен пышағын қайта қолына алып, жүргізушінің бауыр тұсына сілтей ұрады. Сол кезде зәбір көруші сылқ ете түседі.

Осыдан кейін қасиеттен безген екі қарақшы шалажансар болып жатқан жүргізушінің аяқ-қолын шандып байлап тастап, артқы орындыққа жатқыза салады. Сөйтіп, енді оның машинасын өздері айдап, Тереңөзек кентін бетке алады. Олар Қараөзек өзеніне жете бере тоқтап, көлік ішінде жатқан жүргізушіні көметін жер іздейді. Дәл сол кезде бұлардың жанына Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мінген көлік келіп тоқтайды. Олар көліктен түсе бастағанда-ақ екі қарақшы екі жаққа қарай қаша жөнеледі. Бірақ екеуі де ұзаққа бара алмай, тәртіп сақшыларының қолдарына түседі. Сол жерде милиционерлер бірден «жедел жәрдем» шақырады. Дәрігерлер тез жетеді. Алайда, ауыр жарақат алған жүргізуші ауруханаға бара жатқан жолда үзіліп кетеді.

Кейін тергеу барысында Сәтбай Қожабаев пен Оразбек Ешбаевтың бұған дейін ұзақ жылдар бойы осылай кісі өлтіру жолымен бұдан басқа тағы алты таксишіні өлтіріп, көліктерін бөлшектеп сатқаны анықталды.

Сот үкім шығарар кезде біздің елімізде өлім жазасына мораторий жарияланады да, жеті адамның жанын жұтқан жалмауыздар одан аман кетеді. Бірақ өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесіледі. Ал арттарында аңырап бала-шағалары қалды. Мысалы, 1962 жылы туған, еш жерде жұмыс істемейтін, өзі де жеке тасымалмен айналысып келген, 1986 жылы алған жарақаты салдарынан бір аяғын тізесінен кестірген үшінші топтағы мүгедек Сәтбай Қожабаевтың артында үш баласы қалса, еш жерде жұмыс істемейтін, 1956 жылы туған Оразбай Ешбаев алты баланың әкесі еді.

Осы қылмысты ашу дерегіне орай Болатбек Тоқберішев «Айбын» орденімен марапатталады. Ал оның жанында қылмыскерлерді бірге ауыздықтаған екі тәртіп сақшысы ешбір ескерусіз қалып еді. Сол олқылықтың орны Әмір Бердібекұлының араласуымен берілген облыстық полиция департаментінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты» тапсырылуы арқылы ептеп толтырылғандай болды.

Кездесуде сөйлеген Әмірбек Шаймағамбетов жас полиция қызметкерлеріне аға буын өкілдерінің қылмыспен күресудегі ерен істеріне тоқтала келіп, жас қызметкерлерді қоғамдық тәртіптің сақталуына адал қызмет етуге шақырды.

Таңбалар: Әмірбек ШаймағамбетовполицияСырдария ауданы

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр

07.08.2026
Қызылорда облысының «Ақжарма» ауылына табиғи газ келді
Дәулет

Қызылорда облысының «Ақжарма» ауылына табиғи газ келді

23.07.2026
Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» аясында экологиялық шара өтті
Аймақ

Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» аясында экологиялық шара өтті

28.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist