14 Қыркүйек, 04:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Назарбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыру көтерілуде

19 Қаңтар 2022 19:55
- Жаңалықтар, Таным
Назарбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыру көтерілуде
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 19 қаңтар. Қазақстанда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыру туралы петицияға қол жинау басталды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

19 қаңтардағы мәлімет бойынша, оған қол қойғандар 2 мыңға жуықтаған.

Петиция авторы онда «Тұңғыш президент туралы» заңға сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа мынадай артықшылықтар берілгенін еске салған:

  • Назарбаевты ұстауға қамауға, тінтуге, тергеуге болмайды, оған және отбасына тиесілі мүліктерге қол сұғуға тыйым салынған;
  • Назарбаев пен отбасы өмір бойы күзетіледі, экс-президенттің өмірі мен денсаулығы сақтандырылған;

Бұған қоса, Назарбаевқа президент жалақысының 80 пайызына тең зейнетақы төленеді, онымен бірге тұрған отбасы мүшесінің әрқайсысына ай сайын жәрдемақы төленеді;

«Еркін демократиялық қоғам құрғысы келетін Қазақстанда мұндай артықшылықтарға жол беруге болмайды деп санаймыз. Бұған қоса, Назарбаев отбасы мен туыстарының табыс көзі күмәнді. Мұның барлығы заңды және объективті зерттелуі тиіс, алайда бұл жоғарыда аталған заңға («Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы» туралы заң – ред.) қайшы. Аталған заңның күшін жоюды талап етеміз», – делінген петицияда.

Сарапшылар кейінгі кезде жұрт алдына көрінбей кеткен, 18 қаңтарда ғана видеомәлімдеме жасап, елдегі оқиғаларға пікірін білдірген Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалы әлсірегенін айтады. Соңғы уақытта оның жақындары мен оған жақын шенеуніктер бірінен-соң бірі қызметтерінен кетіп жатыр. Бұған дейін Назарбаевтың өзінің де Қазақстаннан тыс жерде екені айтылған.

Қазақстанда 2 қаңтарда басталған наразылық шаралары шамамен бір аптаға созылды. Оған сұйытылған газдың қымбаттауы себеп болған. Наразылар өзге талаптармен бірге отставкаға кетсе де, саяси ықпалын сақтап қалған 81 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен толық кетуін де талап еткен. Наразылықтың соңы Қазақстанның Тәуелсіздік тарихында бұрын-соңды болмаған ірі тәртіпсіздікке ұласты.

 

Таңбалар: заңНұрсұлтан Назарбаевпетиция

Ұқсас мақалалар

Балиден кейін Таиландта да «Орыс деревнялары» таратыла бастады
Әлеумет

Балиден кейін Таиландта да «Орыс деревнялары» таратыла бастады

17.07.2026
Аргентинаны чемпионаттан алуды талап ету петициясына 3 млн адам қосылды
Жаңалықтар

Аргентинаны чемпионаттан алуды талап ету петициясына 3 млн адам қосылды

13.07.2026
Енді «желілік» жалған психологтар мен коучтар халықты арбай алмайды
Әлеумет

Енді «желілік» жалған психологтар мен коучтар халықты арбай алмайды

25.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist