26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәссаған, безгелдек! Қайрат Сатыбалды енді түрмеден шығатын болып жатыр

17 Тамыз 2024 16:03
- Жаңалықтар, Құқық
Мәссаған, безгелдек! Қайрат Сатыбалды енді түрмеден шығатын болып жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 тамыз. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалдының баласы Қайрат таяу күндері түрменің тар қапасын тастап, бостандыққа шығады. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сөйтіп, бүлдірмеген пәлесі кем, жерді өртегеннен басқаның бәрін жасаған, шырпы басын сындырмай жылдар бойы жер-әлемнің мол байлығына кенелген Қайрат Сатыбалдының «жыры» әзір таусыла қоймайтынға ұқсайды. Сот органдары енді оның үкімін өзгертіп, бостандығын шектеумен шектелетін сияқты. Былайша айтқанда, бас бостандығынан айыру орнындағы мерзімі бұдан былай бостандықта бостандығын шектеуге ауыстырылмақшы көрінеді.

Қайрат Сатыбалды өзін түрмеден шығару жайында жазған өтінішінде келтірілген залалды өтегенін, сондай-ақ мемлекетке 700 миллиард теңгеден астам ақша мен мүлікті өз еркімен бергенін мәлімдепті.

Қайрат Сатыбалдының өтінішхатын Өскемен қаласының №2 соты қараған. Ал сот оның осы қисыннан қияс жойдасыз өтінішін қанағаттандырып, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге ауыстырып беріпті. Бұдан кейін ол пробациялық бақылауға алынады.

Қайрат Сатыбалды Қаңтар оқиғасынан кейін, 2022 жылы наурызда қамауға алынды. Артынша «Қазақтелеком» және «Көлік сервис орталығы» компанияларынан ақша жымқырды деген айыппен 6 жылға сотталған. Биыл қаңтарда билік оның мемлекетке 650 млрд теңге қайтарғанын хабарлады.

Қайрат Сатыбалды бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында елдегі ең ықпалды бизнесмендердің бірі болды. Forbes Kazakhstan журналы оның байлығын 163 миллион долларға бағалаған.

Ол бір жылдары Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің кадрлық қызметіне жетекшілік етті. Qazaq oil, Қазақстан темір жолы компанияларының вице-президенті болды. 2010-2015 жылдары Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік еткен билік партиясының хатшысы қызметін атқарды. Қамалғанға дейін Қайрат Сатыбалды бірнеше коммерциялық компанияны басқарып, «Қазақтелеком» компаниясының акцияларына иелік еткен.

Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген мүліктердің тізімін жариялады. Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Қайрат Сатыбалдыұлының кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімінің шарттарын орындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын тағы хабарлаған.

Қайрат Сатыбалды тұтқындалған кезде оның басқа қылмыстарға да қатысы болуы мүмкін екені айтылған-ды. Тағылған айыптардан бөлек, Сатыбалды «салықтар мен кедендік төлемдерден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша» қосымша тергеліп жатқаны хабарланды.

Ал 2022 жылдың қыркүйегінде Астанадағы Байқоңыр ауданының соты үкімді жариялады. Қайрат Сатыбалды қылмыстық істің тағы төрт фигуранты – ОКҚ директорлар кеңесінің төрағасы Марат Мұхамеджанұлымен, ОКҚ президенті Ғайни Бекетовпен, «Қазақтелеком»АҚ корпоративтік бизнес директоры Леонид Муравьевпен және спортшы Шыңғыс Қонарбаевпен бірге екі компанияға – «Қазақтелеком» АҚ және «Көлік қызмет көрсету орталығы» АҚ-ға ұрлық жасады және мүліктік зиян келтірді деген айыппен кінәлі деп танылды.

Сот сотталушыларға «Көлік қызмет көрсету орталығы» компаниясынан 28 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлады және «Қазақтелеком» компаниясына 12 миллиард теңгеден астам мөлшерінде материалдық залал келтірді деген айыпты дәлелдеді.

Осыған байланысты Қайрат Сатыбалды алты жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Президентке оның мемлекеттік наградалары мен ҰҚК генерал-майоры атағынан айыру туралы ұсынылды. Сондай-ақ 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды. Бұл істің қалған қатысушылары шартты мерзімге сотталды. Бекетов пен Мұхамеджанұлы 6 жыл, Муравьев пен Қонарбаев 2,5 жыл «арқалады».

Таңбалар: бостандықҚайрат Сатыбалдытүрме

Ұқсас мақалалар

Венесуэла президенті Мадуро 18 адамдық жалпы камерада отыр
Жаңалықтар

Венесуэла президенті Мадуро 18 адамдық жалпы камерада отыр

15.05.2026
Электронды білезігін үзіп тастаған сотталушы темір торға қамалды
Жаңалықтар

Электронды білезігін үзіп тастаған сотталушы темір торға қамалды

11.08.2025
Зеленський: Біздің бостандығымыз ешкімнің алдында сатылмайды
Жаңалықтар

Зеленський: Біздің бостандығымыз ешкімнің алдында сатылмайды

03.03.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist