18 Қараша, 19:11
RAST.kz
USD USD 443.96 ₸
EUR EUR 487.73 ₸
RUB RUB 5.38 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Комплаенс бойынша оқыту сериясы іске қосылды

11 Ақпан 2021 19:35
- Жаңалықтар, Қайнар
Комплаенс бойынша оқыту сериясы іске қосылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 11 ақпан.  Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша оқыту семинарлары сериясы іске қосылды. . Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бірлесіп квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша алғашқы оқыту семинарын өткізді», – делінген хабарламада.

Семинарға мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, барлығы 1000-нан астам адам қатысты.

Айта кету керек, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет өткен жылдың соңынан бастап заңнамалық деңгейде енгізілді және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.

Іс-шараны ашқан агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов бизнесті парасатты жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Транспаренси Қазақстан социологиялық зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, сұралған бизнестің тек 8,2 пайызы 2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәжірибесі туралы хабарлады. Кәсіпкерлердің 80 пайыздан астамы Қазақстанда пара бермей және тек құқықтық салада жұмыс істей отырып даму мүмкін деп санайды.

О. Бектенов квазимемлекеттік сектор компанияларының басшылығын комплаенс-қызметтерді құруды жеделдетуге, оларды білікті кадрлармен жасақтауға шақырды.

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру процесінде ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу әлеуетін атап өтті.

«Бүгінде мемлекеттік сектормен қатар академиямен парасатты бизнес қағидаттарын қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Ол үшін комплаенс-офицерлерді оқыту модульдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша ұйымдарды сертификаттау процесі іске қосылды», – деді академия ректоры.

«Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс-қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов осы институтты жүзеге асырудың практикалық тәжірибесін ортаға салды.

Іс-шара соңында еліміздің барлық өңірлерінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін өңірлік оқыту семинарларын өткізу туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізген болатын.

Таңбалар: семинарсыбайлас жемқорлық

Ұқсас мақалалар

Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды
Жаңалықтар

Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды

13.06.2026
Тшанов: Қазақстанда жемқорлық Назарбаевтың басшылығымен басталды
Жаңалықтар

Тшанов: Қазақстанда жемқорлық Назарбаевтың басшылығымен басталды

12.07.2024
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді – семинар
Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді – семинар

31.07.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

    Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

  • Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді

  • Тоқаев: Жемқорлық – мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 443.96 ₸
EUR EUR 487.73 ₸
RUB RUB 5.38 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist