25 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңақорғанда тағы бір «Жайлы мектеп» қатарға қосылды

3 Ақпан 2025 21:35
- Аймақ, Жаңалықтар
Жаңақорғанда тағы бір «Жайлы мектеп» қатарға қосылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЖАҢАҚОРҒАН. 3 ақпан. Бүгін Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде тағы бір мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жаңа мектептің ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, сала ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жаңа білім ордасы кенттің «Саяжай» шағын ауданында бой көтерді.  Ол 600 оқушыға арналған.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өз сөзінде аудан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырсында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндадым. Президентіміз облысымыздың экономикалық өсіміне оң бағасын берді. Осы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта заман талабына сай тірек мектептер желісі құрылып жатыр. Менің тапсырмаммен үш жыл ішінде тағы 1300 мектеп жаңғыртудан өтеді» деген болатын. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Біз ұрпақ білімін арттыруға, қоғамда ұстаз беделін көтеруге әркез мүдделіміз. Тұрақты қолдаудың арқасында өңіріміздің білім саласы табысқа жетті. Сәулеті жаңарған мектептер бой көтерді», – деді ол.

Аймақ басшысы өткен жылы білім саласына бөлінген қаржы 270 млрд теңге, биыл 308 млрд 134 млн теңгеге жеткенін айтты. Сөйтіп, өсім 16,9 пайызға артып отыр. Жаңа мектептердің ашылуы жай ғана ғимараттардың салынуы емес, бұл жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау болып табылады.

«Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 оқушыға арналған 10 мектеп құрылысы басталып, облыс орталығындағы 900 орындық алғашқы мектепті өткен жылдың қазан айында тапсырдық. Жыл басында Жаңақорған ауданының «Жаңарық» ауылында, Арал қаласында 300 орындық, Қызылорда қаласында 600 орындық мектептерді пайдалануға бердік. Жыл ішінде тағы 5 «Жайлы мектептің» құрылысын аяқтаймыз. Бүгін, міне, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асырылған, құны 4 млрд 709 млн теңге болатын 600 орындық «Жайлы мектепті» ел игілігіне табыстаудамыз. Біз бұл арқылы Жаңақорған кентінде қарқынды өсіп келе жатқан «Саяжай» шағын ауданындағы балаларымыз баратын мемлекеттік мектептің мәселесін шештік. Енді оқушыларға басқа мектептерге қатынаудың қажеті жоқ. Алдымызда нақты жоспарларымыз бен бастамаларымыз әлі де көп. Оларды іске асыру бағытындағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз. Қуаныштарыңыз құтты болсын!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы өз сөзінде.

Жиында Мұрат Әбенов аудан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.

Еске сала кетейік, өткен жылы аймақта 6 мектеп бой көтеріп,
5 мектепке қосымша ғимарат салынды. Осылайша Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және осы ауданның Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.

«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» ел игілігіне берілді. Енді осы жыл ішінде Шиелі ауданында да 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.

Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимаратының құрылыстары мамыр айында, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының құрылысы наурыз айында аяқталмақ.

Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Былтыр 3 млрд 100 млн теңгеге 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес, алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді.

Салтанатты іс-шарада Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен заманауи білім ордасының құрылысын жүргізген мердігер мекеменің қызметкерлері марапатталды.

Таңбалар: Жайлы мектепЖаңақорған ауданыНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
Аймақ

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты

13.08.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет
Жаңалықтар

Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

09.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist