18 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңа Премьер-министр Үкіметтің 4 мүшесін ғана алмастырды

6 Ақпан 2024 23:09
- Жаңалықтар, Қоғам
Жаңа Премьер-министр Үкіметтің 4 мүшесін ғана алмастырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 6 ақпан. Бүгін Премьер-министр болып тағайындалған Олжас Бектенов жаңа Үкіметтің құрамына 4 жаңа министр әкеліп, команданы негізінен сақтап қалды. Бұл туралы Kazinform ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Алдымен Президент оның орнына Президент әкімшілігінің басшысы етіп Айбек Дәдебаевты тағайындады. Ал кешке қарай Олжас Бектенов басқаратын Министрлер кабинетінің құрамы да белгілі болды.

Kazinform жаңа Үкіметтің осы ішінара өзгерген құрамына шолу жасады. Төменде

«Бәйтеректен» – Ұлттық экономикаға

Әңгімені төрт жаңа есімнен бастайық. 48 жастағы Нұрлан Серікұлы Байбазаров Ұлттық экономика министрі болған Әлібек Қуантыровтың орнына жайғасты. Бүгінге дейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингін басқарған ол қызметтегі 23 жылының көбін квазимемлекеттік секторда өткерген. «Қазақстанның Даму Банкі», «Қазақстан темір жолы», «ҚазМұнайГаз», «Өнеркәсіпті дамыту қоры» компанияларында жұмыс істеген Нұрлан Байбазаров экс-министр Әлібек Қуантыровтың қосылған құн салығын төлейтін тұлғалардың қатарын кеңейту арқылы бюджет тапшылығын жою туралы бастамасын не істейтіні қызық.

Мәжіліс комитетінен – Қаржы министрлігіне

Нұрлан Байбазаров министрлік лауазыммен қатар Премьер-министрдің орынбасары қызметін қатар алып жүреді. Бұл міндет оған Қаржы министрі болған Ерұлан Жамаубаевтан қалды деп топшылауға болады. Олай дейтініміз, оның орнына келген Мәди Төкешұлы Тәкиев тек министрлік лауазымын атқарады.

Еңбек жолын есепшіліктен бастаған Мәди Тәкиев 1 сәуірде 46-ға толады. Салық органдарында түрлі лауазымдар атқарған ол 2019-2020 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болса, 2020-2023 жылдары Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі ретінде жұмыс істеді. 2023 жылғы наурыздан бастап Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып жұмыс істеп келді.

Президент күзетінен – ТЖМ-ге

Төтенше жағдайлар министрі болып тым көп уақыт отыра алмаған Сырым Шәріпхановтың орнына келген Шыңғыс Сайранұлы Әрінов 2006 жылдан 2022 жылға дейін Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі сатыдан өтіп, шыңдалған. 40 жастағы жаңа министр 2022 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы болып келді.

Депутаттықтан – Денсауминге

Бұрынғы Премьер-министр Әлихан Смайловтың кабинетіндегі үш әйел министрдің бірі болған Ажар Ғиният қызметімен қоштасқанымен, орнына тағы бір нәзік жан келді. Ол – Сенат депутаты Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова.

52 жастағы Ақмарал Әлназарова – медицина ғылымдарының докторы. Педиатр маман Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласында басшылық қызметтер атқарып, жергілікті мәслихат депутаты болды. Сенаттағы депутаттық мандатында да денсаулық саласының өзекті проблемаларын ұдайы көтеруімен есте қалды.

Тағы бір мүмкіндік берілгендер

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен 37 жастағы Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі, 54 жастағы Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Туризм және спорт министрі, 49 жастағы Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, 56 жастағы Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі, 42 жастағы Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі, 62 жастағы Ерлан Нұрәліұлы Нысанбаев Экология және табиғи ресурстар министрі, 54 жастағы Ғани Бектайұлы Бейсембаев Оқу-ағарту министрі, 40 жастағы Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, 57 жастағы Айдарбек Сейполлаұлы Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі, 53-тегі Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Энергетика министрі, 46 жастағы Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, 42-дегі Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі, 55 жастағы Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, 44 жастағы Азамат Несіпбайұлы Есқараев Әділет министрі қызметтерінде қалды.

21 министрдің үшеуі әйел

Сондай-ақ, Конституция бойынша Президент өз бетімен тағайындайтын үш министр де орындарын сақтап қалды. Атап айтсақ, Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына, Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына, Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Бұрынғы Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтан басқа вице-премьерлер де қызметтерінде қалды.

Жаңа кабинеттің жасына келсек, ең жас министр Көлік министрі Марат Қарабаев болып тұр. Ал ең егде жастағы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың зейнет жасына жетуіне бір жылдай ғана уақыт қалған. Жалпы, Министрлер кабинетіндегі 21 министрдің үшеуі – әйел затынан.

Таңбалар: Жаңа ҮкіметқұрамОлжас Бектенов

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

22.09.2026
Олжас Бектенов: Медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру шаралары жүріп жатыр
Жаңалықтар

Олжас Бектенов: Медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру шаралары жүріп жатыр

11.09.2026
Құрылтай Қариннің – Вице-президент, Бектеновтің Премьер-министр болуларын қолдады
Жаңалықтар

Құрылтай Қариннің – Вице-президент, Бектеновтің Премьер-министр болуларын қолдады

31.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist