ШУША. 16 шілде. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Украинаға Ресеймен соғыста қолдау көрсетіп, жаудың басқыншылығына көнбеу керектігін айтты. Бұл туралы Minval.az ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Әлиев оккупанттардың украин жерлерін басып алуларына келіспеуі керек деп мәлімдеп, Бакының бұл соғыста ұдайы Киевтің жағында болатынын атап өтті.
Әзербайжан мемлекетінің басшысы украиналық журналист Дмитрий Гордонның сұрақтарына жауап беру кезінде осылай деді. Ол мұны әзербайжанның Шуша қаласында өткен IV әлемдік медиа форумның ашылуы қарсаңында берген сұхбатында мәлімдеді.
Әлиевтің айтуынша, украин халқы мен елдің басшылығына өзінің кеңесіне зәру емес, алайда өз ұстанымын өзгертпейді: Украина қандай жағдайда да оккупациямен келіспеуі керек.
Президент ұзақ уақыт бойы Киевке қысым жасалғанын, бірақ Украина билігі де, халқы да оккупацияны қабылдауға келіспегенін атап өтті.
Әлиев бұл әңгімені өз елі аумағының бір бөлігін жау жағы басып алуы жағдайында 30 жылға жуық өмір сүрген, содан кейін өзінің егемендігін қалпына келтірген мемлекеттің көшбасшысы ретінде айтып отырғанын атап өтті.
Ол Қарабақ қақтығысы кезінде халықаралық делдалдардың Әзербайжанға ымыраға келіп, жанжалды реттеудің жолдарын қарастыруды, яғни бұл аймақтан бас тартуды ұсынғандарын еске салды. Алайда Бакы елдің территориялық тұтастығы қағидаларына қайшы келетін мұндай можантопай мәмілелермен келіспейтінін талай мәрте білдірген.
Президенттің айтуынша, Екінші Қарабақ соғысы кезінде Әзербайжанға да осындай қуатты халықаралық қысым жасалған, бірақ халықтың еркін сындырып, жігерін жасыту мүмкін болмады.
Әлиев өз сөзінің түйінінде Әзербайжан қашанда Украинаның территориялық тұтастығына қолдау білдіруді жалғастыра беретінін және бұл мәселеде тұрақтылық пен сабақтастық позициясын ұстанатынын мәлімдеді.
Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп та Fox News мәтбұғаты тілшісі қойған сұраққа жауап беру кезінде осындай ойлар айтты. Ол ұрыс қимылдары жалғасып жатқанына қарамастан, Владимир Путиннің Украинамен бейбіт келісімге келуге мәжбүр болатынын атап өтті.
«Мен ол келісімге келуге дайын деп ойлаймын», – деді Трамп әдеттегідей өз сөзіне өзі жауап бере қоймайтындай сыңаймен.
USD




