БРЮССЕЛЬ. 1 мамыр. Ресеймен тағыз байланысын үзе алмай, жалтақтап келе жатқан Сербия Еуропа одағынан енді қаржы ала алмайтын болды. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сербия әзірге Еуропа одағына мүше болып қабылданған жоқ, ол тек сол ниетті жүзеге асыру жолында жүр. Бірақ соған қарамастан, Брюссельден жылма-жыл қаржы алып келді.
Еуропа одағы енді Сербияның даму жоспары бойынша барлық төлемдері елдің сот жүйесінде кері қайтарылуына байланысты тоқтатып отыр. Мұның жайын Фрибургтегі конференцияда кеңейту мәселелері жөніндегі еурокомиссар Марта Косс баяндады.
«Бұл жағдай түзетілгенге дейін ел ЕО-ның қаржылық қолдауына ие бола алмайды», – деп атап өтті ол.
Косс бұған Еуропа одағына кіру алдында тұрған кезде ел «бір уақытта екі орындықта қатар отыра алмайды» дегенді қосты.
Бұған дейін, 10 сәуірде, Politico Еуропа одағы демократиялық процестерінің кері кетуіне және Мәскеумен тығыз байланыста отырғанына байланысты Сербияны 1,5 миллиард еуроға дейін қаржыландырудан айыруы мүмкін екенін жазған болатын. «Сербияда болып жатқан оқиғаларға қатысты біздің алаңдаушылығымыз сот билігінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдардан бастап, наразылық білдірушілерге қарсы қуғын-сүргін мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының араласуына дейін артып келеді», – деді Косс сол кезде.
Иә, Сербия Еуропа одағына әлі мүше емес, бірақ 2014 жылдан бері оған кіру туралы келіссөздер жүргізіп келеді және құқықтық реформалар жүргізу үшін гранттар алып тұрады. Украинада соғыс басталғаннан кейін Вучич еуроинтеграция курсын (Брюссельден қаржыландыру алу) Ресеймен тығыз байланыста болумен тепе-тең ұстауға күш салып келеді, оған әлі күнге дейін санкциялар енгізілмеген. Politico мәнбелерінің хабарлауынша, соңғы апталарда Еурокомиссияның өз ішінде Београдқа қаражат бөлуді тоқтату мәселесі қатты көтеріле бастаған.
2021 жылдан 2024 жылға дейін Еуропа одағы Сербияға өтеусіз гранттар түрінде 586 миллион еуродан астам қаражат бөлген екен. «2000 жылдан бастап ел Еуропадан қаржыландыру және инвестиция түрінде 7 миллиард еуродан астам қаражат алды», деп хабарлады Сербия үкіметі.
USD




