19 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елбасы тестілері жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

24 Мамыр 2021 17:59
- Жаңалықтар, Қайнар
Елбасы тестілері жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НҰР-СҰЛТАН. 24 мамыр. Бүгін елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспаөз қызметінен келген мәліметке сүйенген rast.kz хабарлады.

Биыл Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен оқушылар арасында бірегей спорттық жоба –  Ұлттық мектеп лигасында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  Елбасы тестілерінен жарыс өткен еді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы өскелең ұрпақтың спорттық-шығармашылық әлеуетін дамыту тапсырмасы аясында Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған Ұлттық мектеп лигасы өтуде. Биыл тұңғыш рет Ұлттық мектеп лигасы аясында тоғызқұмалақ, бес асық, асық ату және Президенттік тест сайыстары өткізіліп отыр», – делінген хабарламада.

Еліміздің 11 өңірінен 200-ге жуық жас спортшы мектепішілік, аудан/қалалық, облыстық кезеңде жеңімпаз атанып республикалық кезеңге жолдама алып келді. Сөйтіп, Азияда теңдесі жоқ спорт кешені – Қазақстан жеңіл атлетика манежінде жоғары деңгейде өткен сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озып шыққан оқушылар анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегердерді салтанатты марапаттау рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов, «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Есентаев, ҚР жеңіл атлетика бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Қуандық Елжанов қатысты.

Мемлекет басшысының Жолдауындағы өскелең ұрпақтың күш-қуатын дұрыс арнаға бағыттап, мектеп спортын дамыту, балалардың спорттық, шығармашылық әлеуетін жетілдіру  туралы тапсырмасын орындау айғағында Ұлттық мектеп лигасы 9 спорт түрінен 34 жарыста келешегі кемел көшбасшылардың басын қосып, бұқаралық дене шынықтыру ісін өркендетуге бағытталып отыр.

Жеңімпаздар Білім және ғылым министрлігінің Кубок, медаль, грамоталарымен, сондай-ақ, Жеңіл атлетика федерациясы тарапынан 20 мың теңге  сертификатымен марапатталды. Ұлттық мектеп лигасының құрметті қонағы – жас чемпиондарды салтанатты марапаттау рәсіміне арнайы қатысқан ҚР Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов жеңімпаздарға қаржылай жүлде тапсырды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте мына білім ордалары жүлдегер атанды:

11-13 жас аралығында:

1 орын – Шымкент қаласындағы  №42 Хамзин атындағы орта мектеп,

2 орын – Алматы қаласындағы №44 мектеп-гимназия,

3 орын – Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов орта мектебі;

14-15 жас аралығында:

1 орын – Шымкент қаласындағы  №42 Хамзин атындағы орта мектеп,

2 орын – Алматы қаласындағы №44 мектеп-гимназия,

3 орын – Тараз қаласындағы №39 мектеп-гимназия;

16-17 жас аралығында:

1 орын – Алматы қаласындағы №44 мектеп-гимназия,

2 орын – Қарағанды қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектеп,

3 орын – Тараз қаласындағы №24 гимназия.

Сонымен қатар, Президенттік деңгейді сәтті тапсырған оқушыларға жарыс хаттамасына сәйкес арнайы төсбелгі мен куәлік тапсырылады.

Лиганың мақсаты мен мәні – өскелең ұрпаққа сапалы білім беру бағытында ақыл ойы зерек, дүниетанымы кең, салауатты ұрпақ қалыптастыру. Мұнда ұрпақтар сабақтасығын сақтай отырып, Лига арқылы  бұқаралық спортты дамыту қарастырылады.

Ұлттық мектеп лигасы «Алтын  доп» (баскетбол), «Шұбар доп»  (волейбол), «Ұшқыр доп»   (гандбол),  «Теңбіл доп» (футзал), «Былғары доп»  (футбол), «Былғары доп – Балдаурен» (футбол), асық ату, бес асық, президенттік тест, үстел теннисі, тоғызқұмалақ  жарыстарынан тұрады.  Жалпы 9 спорт түрінен 34 жарыс өтеді, онда 3500-ға жуық оқушы қамтылады. Оған 5-6, 7-8, 9-11 сыныптардың оқушылары қатысады, дүбірлі дода 4 сәуірден бастап 30 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, лига аясындағы жарыстар Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Щучье, Алматы, Семей, Қызылорда,  Шымкент, Талдықорған, Павлодар, Орал қалаларында өтуде.

 

Таңбалар: елбасы тестісіжеңімпаздармектептер

Ұқсас мақалалар

Ресейде 25 жыл ішінде барлық мектептердің жартысына жуығы жабылды
Жаңалықтар

Ресейде 25 жыл ішінде барлық мектептердің жартысына жуығы жабылды

15.09.2026
Ресей мектептерінде қоңыраулар патриоттық әндермен соғылады
Жаңалықтар

Ресей мектептерінде қоңыраулар патриоттық әндермен соғылады

01.11.2025
Моңғолия мектептері орыс тілінің орнына енді ағылшын тілін оқытады
Жаңалықтар

Моңғолия мектептері орыс тілінің орнына енді ағылшын тілін оқытады

17.08.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist