25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

БҰҰ-да дауыс беру қорытындысы Украинаны дүр сілкіндірді

25 Ақпан 2025 16:33
- Жаңалықтар, Қоғам
БҰҰ-да дауыс беру қорытындысы Украинаны дүр сілкіндірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НЬЮ-ЙОРК. 25 ақпан. БҰҰ-да Ресейдің басқыншылығын айыптаған қарарға  дауыс беру қорытындысы Батыстың екі елі Киевті сатып кеткенін көрсетті. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осылайша Ресейдің агрессиясы әлемдегі ең жоғары халықаралық ұйым деңгейінде айыпталып, оған тиісті баға берілді.

Дауыс беру нәтижесі Украинаны дүр сілкіндірді: Батыстың екі бірдей іргелі елі Киевті көрер көзге қаралай сатып кетіп, РФ-ны қолдаған болып шықты. Бұл – ақты қара деп танып, көпе-көрнеу тура жолдан тайып кетумен бірдей.

Қабылданған қарардың міндет жүктейтін күші болмағанына қарамастан, саяси маңызы зор.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Ресей әскерлері Украинаның халықаралық деңгейде мойындалған шекарасы шегіндегі аумағынан толық шығарылуы талап етілген қарар көпшілік дауыспен мақұлданды. Құжатқа 93 ел дауыс берсе, 65-і қалыс қалды, ал 18-і қарсылық танытты. Соның ішінде АҚШ пен Израильдің «жоқ» деген дауысы Киевтегілерге қатты соққы болып тиді. Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр.

Ресейшіл позициясымен танылған және Киев «орыстың қуыршағы сияқты әрекет етеді» деп айыптап келе жатқан Хунгрияның (Венгрияның) оккупант лагерінен табылғаны таң қалдырмаса да, АҚШ пен Израильдің сол жақта жүруі жаға ұстатты. «Дәстүрлі серіктестерінің қолдауына сенген Украина көңілі қалғанын жасырмайды», деп жазды осыған орай On the Frontlines of News.

«Мұны түсіндіру қиын, ал қабылдау одан да қиын» деп жазды олар әлеуметтік желіде.

Израиль бұрын Украина мен Ресей арасындағы қарым-қатынасында екі жақты тең ұстауға тырысушы еді, алайда бұл жолғы дауыс беру фактісі оның бейтараптық позициясы айқын екеніне үлкен күмән келтіреді.

Ресей басқыншылық соғысын бастағалы бері Украина жағында болып, оны ұдайы қару-жарақпен қамтамасыз етіп келе жатқан ең қуатты әріптесі – АҚШ-тың сол қарсылас жағынан бір-ақ шығуы одан бетер қайран қалдырады. Бұған дейін Уашингтон осы соғысы үшін Ресейге қаншама санкция салды, Киевке сырттан беріліп келе жатқан көмектің жартысынан астамын беріп тұрды.

Аналитиктер қазір мұның Ақ үйдің президент ауысқалы бергі өзгерген жаңа ұстанымы мен бағыты шығар деген болжам жасап отыр. Бірақ ол тараптан әзірге ресми түсіндірме келген жоқ.

Шамасы, Израиль АҚШ-тың өзіне жасаған қысымына төтеп бере алмаған болса керек. Сонымен, Ресейді «басқыншы» деген анықтамаға қарсылық білдірген елдер қатарында мына мемлекеттер бар: Беларусь, Буркино-Фасо, Бурунди, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық республикасы, Экваторлы Гвинея, Эритерия, Гаити, Венгрия, Израиль, Мали, Маршалл аралдары, Никарагуа, Нигер, Палау, Ресей Федерациясы, Судан, Америка Құрама Штаттары.

Ал қалыс қалғандардың қатарынан Қытай, Үндістан, Бразилия, Аргентина, Аустралия, Иран, Сауд Арабиясы, Куба, Пәкстан, Ирақ, Моңғолия, Вьетнам, Шри-Ланка сықылды дәулеттерді көруге болады. Бұлардың сапын посткеңестік Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан республикалары толықтырады.

Бұларға қарағанда, қарарды қолдаған қуатты державалардың қарасы көптеу. Оның тізімінде Германия, Ұлыбритания, Франция, Испания, Италия, Жапония, Корея, Түркия, Канада, Мексика, Мысыр, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Польша, Чехия, Хорватия, Словакия, Грекия, Бельгия, Дания,  Швеция, Норвегия, Финляндия, Таиланд, Малайзия бар. Бұрынғы кеңестік республикалар санатынан Эстония, Латвия, Литва, Молдова және Украина қарарды қолдап дауыс берген.

Тек дауыс беру кезінде залда Әзербайжан, Грузия, Түрікменстан өкілдері болмай қалыпты. Сондықтан олар үш тарапта да жоқ.

Қабылданып отырған қарардың міндет жүктеуші күші болмағанына қарамастан, саяси маңызы зор, себебі ол Украинаның егемендігін халықаралық тұрғыда қолдаудың деңгейін көрсетіп, Мәскеуге жасалатын қысымды күшейте түседі. .

Дәл сол уақытта Ресей басқыншылығының басталғанына тура үш жыл толуына орай Киевте Украинаның нағыз одақтастары бас қосты:

«Бұл фото кейінірек тарих кітаптарында өте танымал болып, орын алып, әлі Черчилльдің Соғыс кеңесімен байланыстырылады», – деп жазды олар желіде.

Таңбалар: басқыншыБҰҰРесейсоғысУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist