18 Қазан, 11:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бразилияда AZAL қара жәшіктеріндегі деректерді зерттеу басталды

3 Қаңтар 2025 22:29
- Жаңалықтар, Құқық
Бразилияда AZAL қара жәшіктеріндегі деректерді зерттеу басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРАЗИЛИА. 3 қаңтар. Бразилияда Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясының  Embraer 190 ұшағыңың қара жәшіктеріндегі мәліметтерді тексеру қолға алынды. Бұл туралы Oxu.Az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аталмыш әуе кемесінің 25 желтоқсан күні қазақтың Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырап, 38 адамның жаны алып кеткені мәлім.

Әзербайжанның «Azərbaycan Hava Yolları» компаниясының ұшағы сол күні Бакы қаласынан Ресейдің Грозный шаһарына ұшып шыққан. Бірақ шешендер жағы лайнердің қонуына рұқсат бермеді. Ол жақ бұған сол сәтте украин дрондарының шабуыл жасап жатқанын желеу етті. Мұның орнына төменен лайнерге қарай оқ атылды. Бұдан кейін Россавиа ұшақты Ақтау қаласына қарай сілтеп жіберді.

Бразилияның G1 порталы жазғандай, қазір мамандар борттағы жазғышта қалған мәліметтерді зерттеуге кіріскен. Онымен авиациялық оқиғаларды зерттеу мен оның алдын алу орталығы (CENIPA) айналысуда.

Техникалық мамандар қара жәшіктегі мәліметтерді алу және оларды талдау жолында жұмыс жасайды. Ондағы жазбаларда пилоттардің сөздері және ұшақтың ұшу бағыты бойындағы ақпарат жазылған. Осылар лайнер бағытының қашан, қалай және неге өзгертілгенін, сондай-ақ апатты жағдайда жерге қону сәтін айғақтап бере алады.

Бразилияда сондай-ақ Әзербайжанның, Қазақстанның және Ресейдің өкілдері де бар.

Басылым хабарлағандай, CENIPA мамандары зерттеліп отырған ахуалды компьютерлі технологияның көмегімен қалыпқа келтіріп, осыған байланысты өз тұжырымдарын жасайды. Осы байламдарды зерттеу жөніндегі ақырғы есепке енгізеді, ал оларды жариялау жауапкершілігі Қазақстан тарапына жүктеледі.

Таңбалар: апатӘзербайжан ұшағыБразилияқара жәшіктер

Ұқсас мақалалар

Ыстамбұлдағы нөсер: су тасқыны, рейстер тоқтатылды, кісі өлімі орын алды
Жаңалықтар

Ыстамбұлдағы нөсер: су тасқыны, рейстер тоқтатылды, кісі өлімі орын алды

15.10.2026
Маңғыстауда опат болған 14, сол апаттан аман шыққан 3 сарбаз марапатталды
Әлеумет

Маңғыстауда опат болған 14, сол апаттан аман шыққан 3 сарбаз марапатталды

27.09.2026
Димаш Каспийде опат болған сарбаздардың туған-туыстарына көңіл айтты
Әлеумет

Димаш Каспийде опат болған сарбаздардың туған-туыстарына көңіл айтты

25.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist