26 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бишімбаевтың анасы адвокаттарын сынаған заңгерлердің үстінен арыз жазды

6 Сәуір 2024 22:17
- Әлеумет, Жаңалықтар
Бишімбаевтың анасы адвокаттарын сынаған заңгерлердің үстінен арыз жазды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 6 сәуір. Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы қорғаушыларын сынаған адвокаттардың үстінен шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұның жай-жапсарын белгілі адвокат Джохар Өтебеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол Қуандықтың анасы Альмира Нұрлыбекованың өзіне қатысты жазған арызының мәтінін де жариялаған.

«Бишімбаевтың анасы менің үстімнен арыз жазды! Адвокаттарының сұрақтарына сын айтқаным үшін. Ол сұрақтарды бүкіл ел сынап жатыр! Ол сұрақтар заң мен моральға сәйкес келмейді», – делінген жазбада.

Шынында Альмира Нұрлыбекова заңгер Өтебековтің үстінен өз адвокаттарын сынаған жазбалар жарияланғаны және жазбалардың астында жазылған пікірлерді қадағаламағаны үшін шағым білдірген. Сонымен қатар Джохар Өтебековті «соттың әрекетін сынады» деп айыптайды.

«Шын мәнінде, «адвокаттарға кедергі келтірді» деген шағым көзбояушылық. Содан кейін Бишімбаевтар менің үстімнен арыздануының негізгі себебі «судьяның әрекетін сынады» деген шағымға көшеді. Бишімбаевтар судья Құлбаеваны неге қорғап отыр? Неліктен бұл оларды сонша қызықтырады?», – дейді адвокат.

Ulysmedia.kz сайтының баяндауынша, Бишімбаевтың анасы бұдан кейін адвокат Анна Чернованың үстінен де тап осындай арыз жазған. Ол шағымды республикалық адвокаттар алқасына түсірген.

Мұның алдында Қуандық Бишімбаев өзі әйелін азаптап өлтірді деген айып тағылып отырған «Bau» ресторанының, – бұған дейін мәтбұғат беттерінде бірнеше рет жазылғандай, – расында өзінің меншігінде екенін, ал ол қарайтын «Гастрорталық» кешені анасына тиесілі екенін мәлімдеген болатын.

Өзінің адвокаттар үстінен жазған шағымдарын Альмира Нұрлыбекова республикалық адвокаттар алқасына жолдап отырған.

«Менің үстімнен де шағым келіп түсті. Ол арызда тағы екі заңгер әріптесім аталады. Бұл жолы менің жазғаным Бишімбаевтың қорғау тарапына ауыр тисе керек. Мұны сотталушының анасы жазғанымен, артында маған ренжіген басқа біреу тұрған сияқты. Мүмкін ол өзінің процессуалдық әлсіздігін сезінген адам шығар. Менде олардың аттарын құрметтемеу, қорлау, жеккөру мен қарғау деген ниет жоқ. Бүкіл ел ең алдымен олардың Ерғалиевамен жүргізілген масқара сұхбаттарын көрді, енді жұрт оны істің нақты жағдайларымен салыстыра қарайды. Біз оларды сол жерде тілінен тартқан жоқпыз, солай емес пе? Процестің бәрін тікелей эфирден көріп отырмыз», – деп жазды Анна Чернова әлеуметтік желіде.

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев әлі күнге дейін өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр. Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптары бойынша айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы «Гастроорталықтың» директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша «қылмысты жасырды» деген айыппен сотқа тартылып жатыр.

4 сәуір күнгі сот процесінде Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тануды қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Бірақ судья өтінішті қанағаттандырмай тастады.

Сол күні сот отырысы кезінде прокурор Айжан Аймағанова сотталушы Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына «жәрдем жәрдем» шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бұған Бишімбаев «бұл менің үлкен қателігім болды» деп жауап берді.

Таңбалар: адвокаттарАльмира НұрлыбековаарызҚуандық Бишімбаевсот

Ұқсас мақалалар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist