8 Қыркүйек, 02:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

АҚШ сенаторлары Қытайдағы геноцидті мойындауды ұсынды

30 Қазан 2020 16:11
- Жаңалықтар, Құқық
АҚШ сенаторлары Қытайдағы геноцидті мойындауды ұсынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ВАШИНГТОН. 30 қазан. АҚШ сенаторлары Қытайдың Шыңжаң өлкесінде жүргізіп отырған саясатын геноцид тануға деп ұсыныс жасады. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.

«АҚШ-та бірнеше сенатор «Қытай Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылмандарға геноцид жасап жатыр» деп жариялайтын қарарларымен таныстырды. Сенатор Джефф Меркли (Орегон штатынан сайланған демократ) 27 қазандағы пресс-релизде бұл резолюция Қытайдың БҰҰ-ның 1948 жылғы Конвенциясына сай жауапқа тартуды қарастыратынын мәлімдеді», – делінген хабарламада.

«Қытайдың ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарды аңдып, түрмеге қамап, азаптап, қайта тәрбиелеу лагеріне жіберуі – таза геноцид. Америка үнсіз отырмайды», – деді Меркли.

Қарарды Мерклимен бірге Джон Корнин, Роберт Менендес, Джеймс Риш, Марко Рубио және Бен Кардин сынды сенаторлар ұсынды.

Қытайдың Шыңжаңдағы әрекетін геноцид деп тану туралы қарар АҚШ сенатында жақында талқылануы екіталай. Сенат 3 қарашаға белгіленген президент сайлауына дейін жиын өткізбейді.

Қарар мәтінінде Қытайдың ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылмандарға жасап жатқан қысымы «геноцидпен тең» деп жазылған.

Корнин мәлімдемеде Қытай билігі ұзақ уақыттан бері «ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарға жиіркеншті геноцид науқанын жасап жатқанын» айтқан.

Ол «резолюция бұл қылмысқа лайықты бағасын береді және Қытайды адам шошырлық әрекеті үшін жауапқа тартудың алғашқы қадамы болмақ», – деді.

АҚШ бастаған батыс елдері және адам құқығын қорғау ұйымдары Бейжің 2017 жылдан бастап Шыңжаңда бір миллионнан астам мұсылманды лагерьге және түрмеге қамап, азаптап, өз тілі мен дінінен бас тартуға мәжбүрлеп жатыр деп санайды.

Қытай бұл Шыңжаңдағы орталықтарды терроризм мен экстремизммен күрес үшін ашылған «қайта тәрбиелеу және кәсіп меңгеру орындары» деп атайды. Бейжің 2014-2019 жылдары мұндай орталықта 7,7 миллиондай адам «кәсіп меңгеріп» шыққанын, қазір орталықта ешкім қалмағанын мәлімдееген.

Бірақ Австралия стратегиялық саясат институтының (ASPI) 24 қыркүйекте жариялаған зерттеуінде Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі мұсылмандарды ұстайтын лагерьлері 40 пайызға артқаны айтылады.

Биыл шілдеде АҚШ Шыңжаңдағы мұсылмандарды қудалауға қатысы бар деп Қытайдың Коммунистік партиясының қазіргі және бұрынғы өкілдеріне санкция салған.

АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин Американың «барлық қаржылық мүмкіндігін» пайдаланып, Шыңжаңдағы адам құқығын бұзғандарды жауапқа тартатынын айтқан.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 27 қазанда Үндістанға барған сапарында The Print сайтына «Қытайдың қазіргі әрекеті 1930 жылдары Германияда болған жайттарды еске салады» деді.

Демократтар атынан президент сайлауына түсіп жатқан Джо Байден Қытайдың әрекеттерін геноцид деп атап, президент болса Трамп әкімшілігінен де қатаң шара қолдануға уәде берген.

Холокост оқиғасынан кейін қабылданған БҰҰ-ның геноцид конвенциясы мемлекеттерге белгілі бір ұлтты жоюға бағытталған әрекеттерге тыйым салады.

Конвенцияда белгілі бір ұлттың салт-дәстүрін, дінін, тілін жою үшін адамдарды өлтіру, бала тууды шектеу геноцид ретінде қарастырылған.

Қытай бойынша халықаралық сарапшы Адриан Зенц 29 маусымда жариялаған зерттеуінде Қытай мұсылмандардың санын азайту үшін әйелдерді күштеп стерилизация жасап жатқанын мәлімдеп, мұны «демографиялық геноцид» деп атаған.

Батыс елдері Қытайдан Шыңжаңға тәуелсіз сарапшыларды кіргізуді талап етеді. Бейжің Шыңжаңға БҰҰ мен Батыс елдерінің ресми өкілдерін кіргізбей отыр.

Таңбалар: геноцидҚытайшыңжаң

Ұқсас мақалалар

Әлем Қытай мен Щиге АҚШ пен Трампқа қарағанда жылы қарай бастады
Әлеумет

Әлем Қытай мен Щиге АҚШ пен Трампқа қарағанда жылы қарай бастады

17.07.2026
Картвель профессоры Ходжалы және черкес геноцидін Мәскеудің ісі деді
Жаңалықтар

Картвель профессоры Ходжалы және черкес геноцидін Мәскеудің ісі деді

17.07.2026
Қытай Путиннің кетуіне, Ресейде билік ауысуына астыртын дайындала бастады
Әлеумет

Қытай Путиннің кетуіне, Ресейде билік ауысуына астыртын дайындала бастады

14.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist