СЕМЕЙ. 29 мамыр. Әсия Бергер есімді америкалық қазақ қызы Қазақстанда тұратын биологиялық анасын тапты. Бұл туралы «Казахстанская правда» газеті хабарлады.
«Мен өзімнің биологиялық анаммен табыстым. Біз өте бақыттымыз! Көмек көрсеткендеріңіз үшін бәріңізге рахмет!», – деп жазды қыз Facebook-те.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әсия Бергер Facebook-тегі Kazakh American Association тобында өзінің Қазақстанда тұратын биологиялық анасын іздеп, тауып алғысы келетінін жазған еді.
Оның өзінің айтуынша, шын аты Салтанат, ал әкесі мен шешесінің аты-жөндері Қуат және Құралай Ашқановтар екен. 2000 жылы туған, 2001 жылы Семейдегі балалар үйінен америкалық ата-анасы алып кетіпті.
USD


