9 Шілде, 03:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлем Марадонаның қазасын аза тұтып жатыр (видео, фото)

«Құдай оны Көктегі мәңгілік үйіне әкетті», дейді футболшылар

26 Қараша 2020 12:02
- Жаңалықтар, Тіршілік
Әлем Марадонаның қазасын аза тұтып жатыр (видео, фото)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БУЭНОС-АЙРЕС. 26 қараша. Бүгін даңқты футболшы Диего Марадонамен қоштасу үшін Буэнос-Айрестегі президент сарайының алдына әлденеше мыңдаған адам жиналды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Аргентина билігі Диего Армандо Марадонаның қайтыс болуына байланысты елде үш күндік аза жариялады.

Марадонаның фанаттары футболшымен қоштасу басталатыннан бірнеше сағат бұрын алаңға келіп тұрды.

Қоштасу рәсіміне барлығы 1 миллион адам жиналады деп күтілуде. Ол Буэнос-Айрестің орталығындағы Каса Росадада орналасқан президент сарайында өтіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, Диегоның өліміне жүрек талмасы себеп болған.

Аты аңызға айналған футболшы қараша айының басында миына қан құйылу себебімен ауруханаға жатқызылған болатын. Ал кеше, 25 қарашада жантәсәлім етті.

Әлем футболының аса көрнекті тұлғасының қазасына орай өздерінің ой-пікірлерін айтып, қайғырып жатқан белгілі бұрынғы футболшылар аз емес. .

Англияның «Ливерпуль» клубының бас жаттықтырушысы Юрген Клопп былай деді: «Менің жасым 53-те, мен өмір бойы Марадонамен бірге өмір сүріп келе жатқан сияқтымын. Ол жасымнан менің өмірімнің бір бөлшегіне айналды. Кішкентай кезімде, шамасы, сегіз не онда болуым керек, мен оны бірінші рет көрдім. Сол кезде оның жасы 16-да не 17-де еді. Сол сәттен бастап ол менің сүйікті ойыншыма айналып кетті. Жақында ғана ол туралы деректі фильм көрдім. Ол сенсациялық жігіт еді, Марадонаның өз проблемалары болды. Ол сонымен арпалысумен өтті. Енді оны сағынатын боламыз».

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле: «Қандай қайғылы хабар! Мен жақсы досымды жоғалттым, әлем аңыз адамынан айырылды. Бұдан да көп нәрсе айтар едім, бірақ әзірге Құдай оның отбасы мүшелеріне күш-қуат берсін дегім келеді. Мен екеуміз бір кездері Көкте кездесіп, бірге ойнайтын шығармыз деп үміттенемін», – деп жазды Twitter-ге.

ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер: «Соңғы үш онжылдықтың көлемінде Марадона шынында әлем футболында өзінің айшықты қолтаңбасын қалдырғанын айтқым келеді. Ол жоғары мүмкіндікті футболшы еді. Диего 1979 жылы Токиода өткен әлемнің жастар чемпионатына өз құрамасын шығарған адам, оның финалында Аргентина құрамасы КСРО командасын ұтты, матчтың соңында ол үш доп соқты. Мен мұны 1986 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатымен салыстыра қараймын. Онда Диего өз командасына жеңіс әперді. Ағылшындармен матчта ұмытылмайтын «құдайдың қолымен» гол салды. Енді Құдай оны үйіне шақырып әкетті», – деді.

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси: «Бүгін – барлық аргентиналықтар үшін қайғылы күн. Ол біздің жүрегімізде қалды, бірақ ол бізден кеткен жоқ, себебі, Диего мәңгілік жасайды. Мен онымен бірге болған әрбір сәтімді өте жоғары бағалаймын және сағынышпен еске аламын. Осы ауыр күндерде оның отбасына көңіл айтқым келеді. Тыныш жат», – деді. капитан сборной Аргентины:

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду: «Бүгін мен досыммен қоштасамын, әлем мәңгі данышпанымен қош айтысады. Ол жалғанда бәрінен артық. Құдды сиқыршы іспеттес. Ол ерте кетіп бара жатыр, бірақ артында шексіз мұра мен ешқашан орны толмайтын бос кеңістік қалдырып барады», – дегенді айтты.

Әйгілі итальян жаттықтырушысы Фабио Капелло: «Маған онымен «Наполиге» қарсы матчта талай рет кездесу бақыты бұйырды. Ол – таңғажайып ойыншы. Оның голдары керемет. Әлемдегі үздіктердің бірі: Пеле, Марадона, Кройф – үшеуі. Диего – мен қарсы ойнаған ең үздік ойыншылардың бірі. Мына хабар маған қатты тиді. Адам үшін 60 жас деген – әлі балаңдық кезең, өлетін уақыт емес», – деп ойын ортаға салды.

Англия құрамасының атақты форварды Гари Линекер: «Марадона өз кезеңінің ең үздік ойыншысы болды, бәлкім, барлық уақыттардың да үздігі шығар», – деген тұжырым білдірді.

Төмендегі видеода бүкіл әлем білетін атақты голдың соғылу сәті көрсетіледі.

Таңбалар: Диего Марадонақоштасу

Ұқсас мақалалар

Байден Ақ үймен қоштасты, Трамп оны өзі шығарып салды (видео)
Жаңалықтар

Байден Ақ үймен қоштасты, Трамп оны өзі шығарып салды (видео)

21.01.2025
Аты аңызға айналған Марадонаның ұлы әкесінің қолдан өлтірілгенін мәлімдеді
Жаңалықтар

Аты аңызға айналған Марадонаның ұлы әкесінің қолдан өлтірілгенін мәлімдеді

17.01.2024
Марадонаның өліміне 7 медицина қызметкері кінәлі деп танылды
Жаңалықтар

Марадонаның өліміне 7 медицина қызметкері кінәлі деп танылды

21.05.2021
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist