АСТАНА. 16 қаңтар. Алдағы үш күн ішінде республикада күн күрт суытып, аяздың күші 33 градусқа дейін барғалы тұр. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Синоптиктер Қазақстандағы 2024 жылдың 16-18 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Олардың болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклон ашық аязды ауа райын тудырады.
Синоптиктер соның ішінде еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында ғана тұрақсыз ауа райы күтілетінін, жауын-шашын қар түрінде жауып, жел мен бұрқасын күшейетінін атап өтті.
Негізгі температура фоны солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 25-33, күндіз 15-23, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 градус аяз. күндіз, ал батыста түнде 8-18 аяз, күндіз 3-15 градус аяз болмақ.
USD




