25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Айтбек: Сотталушылар Салтанаттың мәйітін мазақ еткен қойылым қойды

2 Мамыр 2024 22:28
- Әлеумет, Жаңалықтар
Айтбек: Сотталушылар Салтанаттың мәйітін мазақ еткен қойылым қойды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 2 мамыр. Астанада өтіп жатқан сот отырысында марқұм Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотталушы екеудің қарындасы мәйітін қорлаған қойылым қойғандарын айтты. Бұл туралы El.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Сот жарыссөзінде марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді алқабилердің маңызды дерекке назар аударуы тиіс екенін айтты», – делінген хабарламада.

Айтбек Амангелді қарындасы Салтанат Амангелдіқызының 8 қараша күні Қуандық Бишімбаевпен қарым-қатынасын біржола үзіп, кетпек болғанын баяндады. Алайда Бишімбаев оны жібермеген.

«Бақытжан Байжановты көпшілік аяп жатыр, бірақ алданбасаңыздар екен. Олар екеуі бірге менің қарындасымды аяусыз өлтірді. Онымен қоймай, Салтанаттың суып қалған денесіне реанимациялық процедураларды жасап, келеке еткен. Олар Салтанаттың өліп қалғанын біле тұра, қойылым қойып, мәйітін мазақ етті. Бұл әрекетін көмектесті деп ақтауға келмейді. Осы әрекеттері менің ашуымды туғызды», – деді Айтбек Амангелді.

Сот отырысында Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың оны неліктен өлтіргені жайлы өз нұсқасын жеткізді. Ол осы орайда бұрын көрсетілген видеоға сот алқасы тағы да назар аударуын сұрады. Бейнежазбада Салтанат қанды көйлек ұстап тұрып, оның осы әрекетіне дәлел болатынын, кем дегенде, 10 жылға қамалатынны айтқан.

Айтбек Амангедінің пікірінше, сол кездегі жайтты жұртшылықтың біліп қоюынан және қайтадан түрмеге түсуден қорыққан Бишімбаев өзінің әрекетін одан әрі жалғастырған.

«Ол бұған дейін бостандыққа шыққан соң тағы да заң бұзатынын дәлелдеп қойған. Бұл жолы жазадан оңай құтылса, тағы да  ауыр қылмыс жасауы мүмкін. Оның қылмысы геометриялық прогреспен өсіп келеді. Мен одан (Бишімбаевтан) адамдық көріп тұрған жоқпын», – деді ол.

«Салтанаттың айуандықпен өлтірілгені шындық. Ал өлтірген адам сіздің алдыңызда, әйнектің артында отыр. Бұл видеоларды бәріңіз көрдіңіз, құрметті сот алқасы. Бұл видеолар менің көз алдымнан кеткен емес, басымнан бір сәт шыққан емес. Олар мені іштей өлтіріп жатыр. Оны қалай өлтірді дегенді ойлап кетсем…», – деп Айтбек Амангелді сот залында жылап жіберді.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова осы сәтке қатысты көзқарасын айтты.

«Байжанов жедел жәрдемге хабарласқанда, ар жағында тұрған Бишімбаевтың «Салта, Салта, өліп қалды ма» деп айқалғанын естідік. Алайда бұл да Бишімбаевтың жоспарының бір бөлігі еді. Оның қорғаушылары осы сәтке назар аударуымызды сұрап, қайта-қайта атап өткені белгілі. Себебі, бұл сәт туралы Бишімбаевтың өзі адвокаттарына айтқан», – деді адвокат.

Таңбалар: Айтбек АмангелдіҚуандық БишімбаевСалтанат Нүкеновасот

Ұқсас мақалалар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist