22 Шілде, 07:07
RAST.kz
USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ӘЧ-2026: Букмекерлер Франция – Испания матчының фаворитін анықтады

14 Шілде 2026 19:49
- Жаңалықтар, Сайыс
ӘЧ-2026: Букмекерлер Франция – Испания матчының фаворитін анықтады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АРЛИНГТОН. 14 шілде. Бүгін тура түн ортасы ауа әлем чемпионатының Франция – Испания құрамалары арасында бірінші жартылай финалдық матчы ойналады. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Көпшілік бұл ұшырасуды «шын мәніндегі финалдық ойын» сипатында өрбиді деп санайды. Олар осында жеңген құрама соңында чемпионаттың да бас жүлдесін жеңіп алады деген тұжырымға қазық байлап отыр.

Кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласының «AT&T Stadium» стадионында өтеді. Ол Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Қазір аталмыш айқасқа қатысты болжамдарды тек сарапшылар ғана емес, сонымен қатар суперкомпьютерлер де білдіруде. Олар финалға француздар шығады деп есептейді.

Алайда Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам күтпеген жерден басқаша мәлімдеме жасады. Ол матчта өздері емес, испандар болатынын айтты.

Осы орайда LiveSport.Ru болжамшылар сайтының тұрақты авторы Алексей Дроздов та Испанияны жеңіске жетеді деген сенімде.

Франция: алты матчта – алты жеңіс

Француздар 1/2 финалға еш мінсіз жетті. Бұған дейін Дидье Дешамның командасы іріктеу турнирінде Сенегалды – 3:1, Ирақты – 3:0 және Норвегияны 4:1 етіп ұтты. Плей-оффтың 1/16 финалдық ойынында Швецияны –3:0, 1/8 финалында Парагвайды – 1:0, 1/4 финалында Марокконы 2:0 етіп сүріндірді. Сөйтіп, бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ, яғни алты матчтың бәрін жеңіспен аяқтады. Оларда 16 гол соғып, 2 доп жіберіп алды. Соның ішінде плей-офф кезеңінде қарсыластарына бірде-бір гол соқтырмай, қақпаны құрғақ сақтап қалды.

Осының бәрінің қозғаушы күші шабуылшы Килиан Мбаппе болды. Ол 6 ойында 8 гол соғып, аргентиналық Лионель Мессимен бірге мергендер көшін бастады. Бұдан бөлек, нәтижелі үш пас берді. Оның көрсеткіштері де сұрапыл: осы 6 ойында қақпаға 28 соққы жасаған, бұлардың 19-ы тура дарбаза шеңберіне бағытталған, тағы 16 қауіпті сәт тудырған, алаңдағы әрбір 65-інші минутта гол соғып тұрған.

Әлем чемпионаттарында Мбаппе қазірге дейін 20 гол соғып үлгерді. Ол бұл тарапта 21 голы бар Мессиден ғана қалып келеді.

Бірақ Килиан жалғыз емес. Оның командаласы Усман Дембеле 5 гол салып, 2 ассист жасаған, ал турнирдің нағыз мықты дебютанты Майкл Олисе болып табылады: ол 6 нәтижелі пас беріп, бір чемпионтта 7 ассистке қол жеткізген

Құраманың ойын сызбасы тұрақты: 4-2-3-1, құрамы да көп өзгермейді: қақпада Меньян тұрады, қорғаушылар төрттігін Кунде-Салиба-Упамекано-Динь түзеді, алда Мбаппе бір өзі болады, оған Дембеле, Олисе және Дуэ қолдау көрсетеді.

Испания: соңғы 5 минуттың командасы

Испания да жартылай финалға еш жеңіліссіз жетті. Бірақ жолы іс жүзінде біркелкі тегіс болған жоқ, онда жүйке жұқартатын және сүреңсіз ойындар да кездесті.

Іріктеу турнирін Кабо-Вердемен 0:0 болып тең түсумен бастады. Содан соң Сауд Арабиясын 4:0 есебімен ұтты, ал Уругвайды 1:0 етіп тізе бүктірді. Бұдан әрі 1/16 финалда Австрияны – 3:0, 1/8 финалда Португалияны – 1:0, ал 1/4 финалда Бельгияны 2:1 есептерімен жеңіп шықты.

Осы кездеулерде 11 гол соғып, 1 доп өткізіп алды. Команда ширек финалға дейін қатарынан 6 матч өз қақпасына гол соқтырмады. Fox Sports сайтының есебі бойынша, бұл – әлем чемпионаттары тарихындағы ең ұзаққа созылған «құрғақ» матчтар сериясы. Мұны бельгиялықтар бұзып жіберді.

Алайда Испанияның шабуылында кінәрат көп. Команда турнирде гол күтілетін сәттер бойынша көш бастады (15,19 xG), бірақ тек соның 11-інде ғана үмітті ақтай алды. Басқа бірде-бір құрама дәл бұлардай қолайлы мезеттерді босқа жібере қойған жоқ. Бұл проблеманың символы – Ламин Ямаль: 23 соққы мен 2,82 xG күтілген сәтте 1 ғана гол салды. Сондықтан испандардың үздік мергені ол емес, топ бастаушы – Микель Ояарсабаль (20 соққыдан 4 гол түсірген).

Тағы бір үздік – Микель Мерино. Ол чемпионаттың басында ғана алаңға сөрелік құрамда шықты, содан кейін плей-офф ойыны кезінде екінші таймда алаңға шығып, екі рет жеңіс добын салды. Бірінде 90-минутта Португалияға, екіншісінде 88-минутта Бельгияға қарсы ойында ерледі. Squawka бағамына сәйкес, Испания мачтың 85 минутында оны бақылауында ұстайды және соңғы 5 минутта ұтып шығады.

Осылардың бәрінің тірегі – Родри: 5 матчта 513 пас берген (482-сі дәл), бұл – екі команда арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Құрама 4-3-3 немесе 4-2-3-1 сызбасымен ойнайды, оларда Симон, Кубарси, Лапорт, Кукурелья және Порро барлық 6 ойында жүзеге асырған.

Испания 2010 жылы әлем чемпионы атанғалы бері бірінші рет жартылай финалға шығып отыр.

Болжам және бәс

Букмекерлер кімді фаворит санарларын білмей, екіұдай жағдайда дал болып тұр. Дегенмен, түйіндері мынадай Францияның жеңісі – 2.40, Испанияның жеңісі – 3.30! Сонымен бірге тең ойын – 3.25 қана.

Яғни бұл жерде коэффициенттер рөл ойнамайды. Opta суперкомпьютерінің нәтижесін көрейік: француздардың негізгі уақыттағы жеңісі – 42,1%, испандардыкі – 31,8%, қосымша уақыт – 26,1%. FanDuel Research: Франция финалға шығады, оның турнирдегі көрсеткіштері керемет! Ал Squawka аздаған артықшылықты Испанияға беріп отыр.

Енді бәрін ойын көрсетеді.

Таңбалар: әлем чемпионатыболжамФранция - Испанияфутбол

Ұқсас мақалалар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026
Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026
Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)
Жаңалықтар

Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

16.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

    Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

  • Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады

  • Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды

  • Қызылордада қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды

  • ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

  • Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады

  • Кахетиде ресейлік әйелді ұрған жергілікті азамат қамауға алынды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist