Бокс: Биылғы Азия чемпионаты Дубайда өтетін болды
АБУ-ДАБИ. 2 мамыр. Бокстан Азияның биыл өтуге тиісті чемпионаты Сауд Арабиясының Дубай қаласында жалау желбірететін болып шешілді. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясы хабарлады.
Бұған дейін құрлық біріншілігі Үндістан байтағы – Нью-Дели қаласында өтетін болып белгіленіп қойылған еді. Бірақ онда соңғы күндері коронавирус індетінің айрықша қатты қарқынмен өршіп кетуіне байланысты турнир мәнзілін шұғыл өзгертуге тура келді. Таңдау Дубай қаласына түсті.
Азия бокс конфедерациясының басшылары Токиодағы Олимпиялық ойындардың басталуына екі ай қалғанда өткелі тұрған жарыс боксшылардың төрт жылдық циклдың басты бәсекесіне жақсы дайындықпен баруларына айтарлықтай дүмпу береді деп есептейді.
Дубайда ерлер де, әйелдер де 10 салмақ категориясы бойынша медальдарды сарапқа салады.
Азия чемпионаты 21 мамыр мен 1 маусым аралығында өтеді.