Қырғыз шекарашылары тәжік заставасын басып алды
БІШКЕК. 29 сәуір. Қырғызстан шекарашыларының арнайы жасағы тәжік заставасын басып алды. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.
Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің қоғамдық байланыс жөніндегі қызметі бөлімі Баткен облысындағы жағдайдың ауыр қалпында қалып тұрғанын баяндады. Бұдан бұрын қырғыздардың Исфара-Ворух тасжолын жауып тастағаны белгілі болды.
Бүгін сағат 14:05-те «Головной» деген жерде екі ел шекара әскерлері бір-бірімен атыс бастап кеткен. Оның барысында Қырғызстан жағының әскери қызметкерлері мен бейбіт тұрғындары жарақат алған.
Бұдан кейін 17:00 сағат шамасында тәжік тарапы қырғыздың «Қапшығай», «Мин-Булақ», «Достуқ», атты шекара заставалары мен «Кожогор», «Булак-Баш» шекара бекеттеріне оқ жаудырған. Минометтен атқылау нәтижесінде Баткен шекара жасағының «Достуқ» заставасының ғимараты отқа оранған.
Сосын тәжік күштік құрылымдарының бұл әрекетіне жауап ретінде қырғыз шекара әскерінің «Бору» («Бөрі») арнайы жасағы қарсы шабуылға шыққан. Қырғыздар сол ұрыстың ақырында Тәжікстанның «Ходжа Аълло» шекара заставасын басып алды.
Қазір қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасы периметрінің өне бойына екі тараптан да қосымша әскери күштер әкелініп жатыр.
Соңғы сәте Қырғызстан сыртқы істер министрі Р. Қазақбаев пен Тәжікстан сыртқы істер министрі С. Мухриддин тараптардың атысты тоқтату жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді. Ол мемлекеттер арасында біржақты келісімге келгенге дейін екі жақты да арандатуға ұрынып қалмауға шақырды.