Қазақстанда өткен тәулікте 2 290 адам ковид жұқтырды
АСТАНА. 12 сәуір. Қазақстанда өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясын тағы 2 290 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Елде соңғы апталарда коронавирус індетінің тарауы қатты күшейіп тұр. Оның мөлшері тәулік сайын 2 мыңнан түсер емес.
Өткен тәулікте ауру жұқтырғандар саны аймақтар бойынша былайша бөлінді: Алматы қаласы – 610, Астана қаласы – 398, Алматы облысы – 283, Қарағанды облысы – 205, Батыс Қазақстан облысы – 118, Атырау облысы – 110, Ақмола облысы – 108, Ақтөбе облысы – 105, Шымкент қаласы – 53, Шығыс Қазақстан облысы – 53, Павлодар облысы – 48, Жамбыл облысы – 38, Маңғыстау облысы – 37, Солтүстік Қазақстан облысы – 36, Қызылорда облысы – 35, Қостанай облысы – 31, Түркістан облысы – 27.
Бұдан бөлек, 37 адам пневмония белгісімен ауруханаларға түсті.
Осы кезге дейін 271 809 адам ковидпен ауырды. Олар аймақтар арасында мынадай бөлініске түседі: Алматы қаласы – 41 689, Астана қаласы – 35 990, Шығыс Қазақстан облысы – 23 352, Атырау облысы – 19 982, Павлодар облысы – 19 523, Қарағанды облысы – 19 301, Алматы облысы – 16 872, Батыс Қазақстан облысы – 16 385, Ақмола облысы – 16 208, Қостанай облысы – 14 192, Солтүстік Қазақстан облысы – 13 359, Шымкент қаласы – 7 610, Жамбыл облысы – 6 792, Ақтөбе облысы – 6 709, Маңғыстау облысы – 4 726, Түркістан облысы – 4 712, Қызылорда облысы – 4 407.
Қазірге дейін коронавирус инфекциясынан – 3 236, пневмониядан 727 адам қайтыс болды.