Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар
Тараздың аспанында жарқ-жұрқ еткен қандай жарық?
ТАРАЗ. 9 сәуір. Өткен түнде Тараз қаласының төбесінде жарқ-жұрқ еткен жарық нысан көрінді. Бұл туралы K-News хабарлады.
Тап осындай көріністі көрші қырғыз елінің байтағы – Бішкек шаарының тұрғындары да байқады. Көпшілік мұны метеорит, яғни құйрықты жұлдыз деп есептеп отыр.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер жергілікті жерден осыған байланысты өздеріне ешқандай дабылды хабарды түскегенін мәлімдеді. Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан тиісті ақпар келмеген.
Қазақстан астрономиясының аңызы, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика инстититуты Ай мен планеталар физикасы зертханасының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы Виктор Тейфель мұны «отты аспан денесі ретінде атап өтті.