Қазанда қызмет көрсетушілерге татарша білу – міндет
ҚАЗАН. 3 сәуір. Татарстан астанасында қызмет көрсету саласының қызметшілеріне татар тілін жақсы білу міндет етіп қойылып отыр. Бұл туралы «Национальный акцент» хабарлады.
Бұдан былай Қазан қаласындағы мейманхана бизнесінің, қоғамдық тамақтандыру және көтерме сауда саласының қызметкерлері татар тілін жеделдете оқып-үйрену курстарынан өтетін болады. Татар тілінің ережелері жөніндегі курс 5 сәуірден 7 мамырға дейін жалғасады.
Татарстан астанасы мэриясының хабарлауынша, курс бағдарламасына татар тілінде қызмет көрсете білудің қажетті минимумы кіреді. Курс авторлары мұнда оқушыларды лексикалық және грамматикалық минимум тапсыруға даярлай отырып, оларға тілдің негізін үйретуге күш салады. Курс сондай-ақ қызмет көрсетушілердің клиенттермен жалпы тақырыпта сөйлесе білулерін үйретуге де бағыт ұстайды.
Сабақтар Zoom платформасы бойынша қашықтан жүргізіледі. Оқу бағдарламасы маманның ыңғайына қарай үш бағытта оқытылады. Интенсивті оқуға қатысқандар соңынан тест тапсырады. Оны сәтті қорғаған қызметшілердің квалификациясы көтеріледі, оларға арнайы сертификат тапсырылады.