Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Қазақ музыканты Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алды

ПАВЛОДАР. 15 наурыз. Қазақ музыканты Иманбек Зейкенов Roses ремиксі үшін америкалық атақты «Грэмми» сыйлығына қол жеткізді. Бұл туралы Liter.kz хабарлады.

«Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) орындаушы Saint JHN-ның Roses композициясына жасаған ремиксі үшін «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды. Композиция классикалық емес ремикстер арасындағы ең үздігі деп танылды», – делінген хабарламада.

«Музыканттың мансабындағы ең тамаша нәрсе – Grammy-ді ұтып алу, біз соған жеттік», – деп жазды Иманбек бұл туралы Instagram-да.

Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған қазақстандық бірінші музыкант атанып отыр.

Roses әнін америкалық рэпер Saint JHN орындайды. Композиция 2019 жылы қазақстандық оған арналған ремикс шығарғаннан кейін танымал бола түсті. Сол арқылы Иманбек Зейкенов те күллі әлемге таныла бастады. Оның айтуынша, ремиксті жасауға бар болғаны 2 сағат 20 минут жұмсаған. Ал рэпердің өзі болса, бұған арнайы шығып, алғысын айтыпты.

Музыкант Иманбек Зейкеновтің өзі Павлодар облысының Ақсу теміржол станциясында ата-анасымен бірге тұрады. Айтқандай, оның арнайы музыкалық білімі жоқ.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button