Қанқұйлы ұлы әкесін тірілей көміп тастаған
ОМБЫ. 19 ақпан. Ресейдің Омбы облысы Есілкөл ауданының тұрғыны әкесін тірілей көміп тастаған. Бұл туралы НГС55 сайты хабарлады.
«Омбы облысы Есілкөл ауданының тұрғыны алдымен 80-дегі әкесін басынан балға ұрған, сосын әлі тірі жатқан кезінде оны огородқа көміп тастаған деген күдікпен ұсталды», – делінген Ресейдің осы өңірдегі тергеу комитетінің сайтында.
Тергеудің болжауы бойынша, 13 ақпан, сенбі күні Озерок деревнясының 80 жастағы тұрғыны ұлынан спиртті ішімдік сұрайды. Бұған баласы арақ бермейтінін айтып жауап қайтарады. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туып кетеді. Оның барысында ұлы әкесін басынан бірнеше рет балғамен ұрады.
«Әкесін өліп қалды деп ойлаған қаскүнем оны жамылғыға орап, есіктің алдындағы учаскелік жерге алып барып, көміп тастайды. Осыдан кейін жігіт әкесінің өліп қалғаны туралы туыстарына хабар береді. Оның әрекетінен күдік алған туыстары болса, сол бойда полиция шақыртады», – деп хабарлайды тергеу комитеті.
Зейнеткердің мәйіті жатқан жерді туыстары тез тауып алды. Сол маңнан қан жұққан балға мен таяқ та шықты. Сот-медициналық сараптама 80 жастағы қарияның денесі мұздағаннан қайтыс болғанын анықтады.